Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет223/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Апамның  айтқандары»  деген  заголовокпен  Меңтайдың  бағанағы 

оқығандары  тізілген  екен.  Оның  одан  кейінгі  беттеріне  қыз  өзінің  оқыған, 

білген, көрген жайларын жазыпты. 

Соларға  байланысты  өз  ойларын  маржандай  тізілтіп,  қысқа-қысқа  етіп 

қағазға түсіріпті. 

Біткен әр ойдың арасын сызықпен бөліп тастап, кей жазбаларына жеке-жеке 

ат  қойып,  рим  цифрларымен  тараулап  отырыпты.  Дәптердің  кей  тұстары 

күнделік  іспеттендіріліп,  онда  қыздың  жан  сырлары  баяндалыпты.  Мен  ол 

беттердің  бәрін,  дастарқандағы  тәттінің  бірінен  соң  бірін  сұрап  қол  созған 

баладай болып, бас алмастан оқи бердім. 

Таң  ағарғанша  тапжылмастан  отырып  мен  Меңтай  дәптерінен  мыналарды 

оқып шықтым. 

«Құлақтан  кірген  өтірік  пен  өсек  ғашықтар  жүрегінің  төріне  тасқорған  боп 

қаланады. 

Түрмедей  қапас,  сұрықсыз  ол  қорғанның  кірпіштерін  балталап  бұзып, 

сүйменмен  соғып  қирата  алмайсың.  Оған  өзгеше  құрал  керек  -  ақтыққа  көз 

жетіп, адалдыққа көңіл сенгенде ғана ол күл болып көкке ұшады. 

Зұлымдық  махаббатты  ториды.  Қашанда  махаббаттың  қалай  мерейін 

төмендетсем  екен  деп  аласұрады.  Тек  күшті  махаббат  қана  зұлымдықтың 

торына түспейді. 

Шығыс  нақылы.  I.  –  Басқа  кіммен  дос  болсаң,  онымен  дос  бол,  бірақ 

мынадай  үш  адаммен  дос  болма,  –  депті  бір  данышпан  өзінен  ақыл  сұрай 

келген  адамға.  –  Ақымақпен  дос  болма,  ол  саған  жақсылық  жасаймын  деп 

жүріп-ақ жамандық жасайды; зеріккіш жанға жолама, қанша сенгеніңмен ол 



229 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет