Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет30/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

деген екі сөзден өңге ештеме таппады да, бас жағын жазып үлгіре алмай, аяқ 

жағын келесі бетке  жазған шығар деп  ойлаған болуы керек, ол қағаздан да 

аппақ сүйрік саусақтарымен дәптердің екінші бетін аударды. 

– Бәле, ағай, ештеңе жазбапсыз ғой, – деді ол келесі беттің де таза тұрғанын 

көріп. Дес берісі қыз маған «ештеңе жаза алмапсыз ғой» демей, «жазбапсыз 

ғой»  деді.  Тегі  сол  сөзінің  өзі  менің  көңіліме  кеп  қалды  деп  ойлаған  болуы 

керек, дереу оны және жұмсартуға тырысты. – Ой, ағай, мұндай бола береді. 

Шу  легенде  осы  отырған  бәріміз  де  лекция  жаза  алмағанбыз.  Адам  бірте-

бірте төселеді. Алдымен әр оқытушының үніне құлақты үйрету керек. 

Осы  кезде  дәлізде  соғылған  қоңырау  үні  естілді.  Мені  қоршап  тұрған  өзге 

қыздар өз орындарына қарай ойысты. Тек ақ қыз әлденені ойлағандай ернін 

жымыра түсіп, сәл бөгеліп қалды да: 

–  Ағай,  алға  жүріп,  менің  қасыма  отырыңызшы.  Мен  сіздің  конспект 

жазуыңызға көмектесейін, – деді. 

Мен  не  істерімді,  бұл  ұсынысқа  не  дерімді  білмей,  сәл  бөгеліп  қалдым. 

Мұным қыздың бұл сөзді шын ықыласымен айтып, өзіме қиыла қарағаны, су 

қоспаған  таза  спиртті  жұтқан  адамның  алдымен  тұншыға  жаздап  барып, 

демалғаннан  кейін  көмейінен  төмен  қарай  әлдене  ішін  өртеп  ақырын 

жылжып бара жатқанын сезіп біраз үнсіз отыратыны сияқты бір сәт еді. Бұған 

дейін бұл Қызға бас изеп, сақаудай ыммен жауап бергеннен басқа, үн қатып 

ештеңе  дей  алмағанмын,  алмағаным  оны  көргеннен-ақ  тіл  мен  жағымнан 

айрылдым. 

Қыздың  ақ  дидарынан  шыққан  әлдебір  асыл  күш  менің  сөйлеуге  тілімді 

келтірмей,  көмекейімді  тас  қып  буып  тастаған  тәрізденді.  Міне,  сондықтан, 

бұл  жолы  да  мен  қызға  ризалық,  биязылық,  сыпайылық,  сүйкімділігін 

көргенде  менің  жүрегім  бұрынғыдан  бетер  лүпілі  тыныш  тұрған  самолет 



35 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет