Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет331/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Ағаң Ербосынов». 

Осылай  деп,  оған  сүйемелдеп  отырып,  қолын  қойдырдым.  Не  жаздың  деп 

сұрауға да шамасы келген жоқ. Тез қолын қойдырып алғаным жақсы болды. 

Өйткені Жүніс содан кейін бірден әлсіреп, сәл сұлық жатты да, біраздан соң 

өне  бойы  қақайып,  ол  дүниеге  кетті.  Аяғында  жақсы  ботинкасы  бар  еді, 

алдымен  соны  шешіп,  обмоткасымен  орап  киіп  алдым.  Қалтасындағы 

заттарын, қойныңдағы қыздың суреті мен әдірісін алдым да, сүйегін сүйретіп 

бір шұңқырға апарып салдым. Ошақбаев опық жемейді! 

«Тым  болмаса  мынау  сасық  мәтелді  осы  жерде  айтпасаң  етті  деп  ойладым 

мен. Одан соң: 

– Бетін де жаппадыңыз ба? – дедім оған шошына қарап. 

–  Оның  қажеті  не?  Топырақ  өзі  де  бүркеп  алады,  –  деді  Тұмажан 

шімірікпестен. 

–  Ал  сіз  ол  кісінің  басына  зират  орнаттым  деп  келіпсіз  ғой,–  дедім  мен 

Меңтайдың  маған  бұл  адамның  ағасына  жасаған  «жақсылығын»  соншама 

сүйсіне айтқаны есіме түсіп. 

– Сен оны да біледі екенсің ғой, – деп Тұмажанның жылан көзі маған тағы да 

шаншыла  қадалды.  Содан  соң  көзін  тез  тайдырып  әкетті  де,  өзіне  өзі  риза 

болғандай, қарқылдай күлді. 

– Қыздар ертегіні жақсы көреді. Ендеше сен оны біліп қой. Оның үстіне менің 

ол  қыздың  басын  айналдырып,  алдымен  уәдесін  алуым  керек  болды  емес 

пе?  Қыз  бен  командирдің  алдында  лыпылдап  тұрмасаң  болмайды.  Сонда 

олар  сенің  сыртыңды  ішің  екен  деп  қабылдайды,  өңіңді  өзің  деп  түсінеді. 

Бірақ тәжірибелі командир сенің ар жақ, бер жағыңды бірден аңғарады. Ал 



337 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет