Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет336/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Оның  қасына  қалай  жетіп  барғанымды  да  білмеймін.  Бара  сала,  бала  күнгі 

әдіспен,  шықшыттың  астын  ала  бар  пәрменіммен  періп  кеп  жібердім. 

Тұмажанның  басы  сарт  етіп,  вагонның  қабырғасына  соғылды  да, 

қолтығындағы  сумкасы  сусып  жерге  түсіп  кетті.  Ол  көзі  бақырайып  қайта 

түзеле  берген  кезде  иектің  ұшынан  баспен  және  бір  сүзіп  кеп  қалдым. 

Ошақбаев үн шығара алмастан жалп етіп барып, еденге құлады. Осы кезде: 

– Ұр, айналайын! – деп бағанадан бері біздің сөзімізді үнсіз тыңдап отырған 

еңгезердей  мұртты  қазақ  орнынан  атып  тұрды.  –  Қызды  қорлаушының 

сазайын осылай беру керек! 

Ұр,  айналайын!..  Ата-бабамыз  оң  жақтағы  қыздың  өзі  түгіл,  отауына  шаң 

жуытпаған: қыз абыройын қызғыштай қорыған. Қыз балаға қасқыр боп тиген 

еркекте еш қасиет болмайды. 

Бұл жігіт емес, жылмаңдаған ұры ит қой шырағым. Аяма мұндай сүмелекті!.. 

Онсыз да қаным қарайып, Тұмажанды түтіп жердей күйге келген едім. Оның 

үстіне мына сөз жаныма және қамшы болды ма, әлде көрші қазақтың өзімді 

қостағанына  арқаландым  ба,  білмеймін,  орнынан  тұрып  келе  жатқан 

Тұмажанды  ал  кеп  тепкілейін.  Проводник  әйел  жүгіріп  келіп  арашалағанда 

ғана әрең тоқтадым. 

Менің  долданып  алған  түрімнен  қорықты  ма,  әлде  қасымдағы  таудай 

қазақтың  қияпатынан  сескенді  ме,  әйтеуір,  Тұмажан  ләм  деп  аузын  ашқан 

жоқ.  Бар  болғаны:  «Әй,  сен  де  осындай  ма  едің?»  деп  таңданғандай, 

жыпылықтап бетіме қарай берді. Содан соң жанында жатқан сумкасын алып, 

орнынан сүйретіле көтеріліп, есікке қарай зытты. 

– Арсыз! – дедім мен оған артынан айқайлап. Тұмажан менің сөзімді естімеді 

де,  естісе  де  елемеді  ме,  жаман  сумкасын  бауырына  қысып,  семіз  денесін 

алға  итіндіріп,  вагоннан  түскелі  жатты.  Терезеден  оның  домалаңдап  жерге 



342 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет