Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет35/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Ал мен отырғаным жоқ. Отырмағаным әскерде ондай тәртіп жоқ. Шені кіші 

адамдар  аға  командир  рұқсат  еткенде  ғана  орнына  отырады.  Бұл  жерде 

оқытушы  аға  командир  есебінде.  Ендеше  мен  ол  «отыр»  демей,  орныма 

жайғасуға тиісті емеспін. Өстіп, өзімнің тәртіптілігімді танытпақ боп қалшиып 

тұрмын. 


Меңтай маған сыбырлап: «отырыңыз» дейді. Тәртіпті солдат қалай отырады? 

Ал  мен  оқытушының  әскерде  болмағанын,  әскер  тәртібінің  исі  мұрнына  да 

бармайтынын  қайдан  білейін.  Мен  одан  сайын  екі  жамбасымды  қаттырақ 

қысып, сіресе түсемін. 

Қыздар  күлкіге  булығып,  тағы  сықылықтай  бастады.  Тіпті  болмаған  соң 

Меңтай  мені  гимнастеркамның  етегінен  тартып,  өзіне  қаратты  да: 

«Отырыңыз»  деп  жалынғандай  болды.  Мен,  қыздың  көңілін  қимай, 

отырайын  деп  ойладым  да,  оқытушыға  қайта  қарадым.  Ол  алдындағы 

конспектісіне  үңіліп,  сын  есім  туралы  лекциясын  төпелеп  жатыр,  мен жаққа 

ақы берсең де бұрылатын емес. Бірінші рет әскер тәртібін бұзып, амалсыздан 

отыруыма тура келді. Рұқсатсыз отырғаныма, бейне бір намазым қаза болған 

молдадай  ішімнен  бұрқылдап  құс  мұрын  оқытушыны  кінәладым.  Дегенмен 

ол  мен  жаққа  бұрыла  қалса,  тез  орнымнан  атып  тұруға  және  әзір  болдым. 

Осы кезде ол көзін менен асырып, арт жаққа қарады. Оқытушы маған назар 

аударған екен деп, елбең етіп, ұшып тұра жаздадым. 

Менің мұныма Меңтай амалсыз жымиып, ақырын ғана бас шайқады. 

Әскерде  сүйекке  сіңіп  кеткен  тәртіпке  байланысты  осы  қылығымнан  мен 

кейін  қатты  ұялып  жүрдім.  Оған  мынадай  тағы  бір  себеп  те  болды.  Сол 

күннен кейін іле-шала 

Тәкеннен хат алғамын. 

Ол былай деп жазған екен. 



40 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет