Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет435/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

мол жылдар» романын оқыдық. Бұл кітап бізге өте ұнады, әрқайсымызға да 

ой салды. Сол кітаптағы кейіпкерлер осы күнде бар ма екен? Солардың шын 

аты-жөні кім? Ербол кім? 

Жомартбек  пен  Майраның  өмірі  қандай  болды?  Бұл  сұрақтарды  қойған 

себебіміз  бұл  кітапта  Мұхтар  Әуезовтың  аты  мен  фамилиясы  өзгерген. 

Мүмкін Ербол да сол сияқты осы күнгі ақын, жазушыларымыздың бірі шығар. 

Әлде бұл романның екінші кітабы бар ма? 

Біздің осы сұрауымызды ескерусіз қалдырмай, жауап беруді өтінеміз. 

Механизатор қыздар: Ахметова Тұрсынбүбі, Қамырбаева Пәтігүл». 

Сол  сияқты  Шымкент  облысы  Қапланбек  шаруашылық  оқу  орнының 

агрономы  Махамбет  Алтаев  өз  пікірін  былай  хабарлайды:  «Әзілхан 

Нұршайықов  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романында  осы  заман 

тақырыбының күрделі мәселесі – жеке адамға деген махаббатты көпке деген 

сүйіспеншілікпен  ұштастыра  біліп,  дәл  бүгінгі  күннің  көкейтесті  жәйттерінің 

пернесін  тап  басқан.  Адамгершілік,  ізгілік  шарттарын  бұзбауға,  адал 

махаббатты  ардақтап,  соның  ыстық-суығына  күйе  білуге,  еңбекшілдікке 

үйретеді...  Бұл  кітаптың  жүректерінде  махаббат  оты  бар  бүкіл  жастар 

қауымының  керекті  құралына  айналып,  жақсы  іске  тұлға  боларына  сенімі 

зор. Осындай жан азығы мол, жақсы кітаптар берсе екен». 

Челябі  облысының  әскери  бөлімінде  қызмет  етуші  жауынгер  Кәкібай 

Әйімбетов  «Жазушы»  баспасына  кітапты  оқығаннан  кейін  былай  деп 

жолдайды:  «Соғыс  кезінде  Ербол  ағаларға  серік  болған  «Ақын»  романы 

сияқты,  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  кітабы  біздің  серігіміз  болды. 

Жорықтардан  шаршап  келгенде  оны  қолыма  алып,  оқи  бастасам,  біржола 

шаршағанымды ұмытып кетемін. Қасымдағы орыс жігіттеріне де бірнеше рет 

әңгімелеп  айтып  бердім.  Оларға  да  өте  қатты  ұнады.  Біздің  взводтың 



440 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет