Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет458/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Сөйтіп,  Зайкүл  жеңілтек,  желөкпе  бұрынғы  қыздарға  да,  бүгінгі  қыздарға  да 

ұқсап шықты. 

Менің  өз  түсінігімше,  бойында  ұшып-қонба  жеңілтектік  мінездері 

болғанымен,  жалпы  Зайкүл  ақкөңіл  қыз.  Жақсы  жар  кездесіп,  қарапайым 

өмір сүрсе, ондайлардың кейін салиқалы әйелдер қатарына қосылып кетері 

сөзсіз.  Бірақ  «басына  бақ»  қонса,  Зайкүл  сияқтылардың  кердеңдеп 

кететіндері  де  болады.  Ондайлар  ең  алдымен  тырапыштанып  киінеді.  Одан 

соң  кенедей  жабысып,  күйеуінің  машинасынан  түспейді.  Осыдан  соң  өзі 

шатпақтаған  бірдеңелерін  диссертациямның  тарауы  деп  әркімге  бір 

түзеттіріп  немесе  жанадан  жаздырып,  ғылым  кандидаты  деген  атақ  алып, 

алшаңдап шыға келеді. Ал соның қорғаған диссертациясынан коғамға келер 

бір  тиын  пайда  болмайды.  Өмірде  осындай  оқиғалар  кездесіп 

жататындықтан, біздің Зайкүл де мұндай «модадан» құр қала алмады. 

Оның  бойындағы  жас  кезіндегі  –  жеңілтектік,  өскеннен  кейінгі  ұятсыздық, 

күйеуге шыққаннан кейінгі келісіп тұрған жағдай осындай озбырлыққа барып 

ұштасты. 

Зайкүлге көп тиісетін қуақы мінезді Жомартбектің де прототипі бар. Қазір ол 

Қазақ ССР Ғылым Академиясында қызмет істейді, филология ғылымдарының 

докторы.  Көптеген  ғылыми  еңбектері  шыққан  және  бірнеше  әңгімелер 

жинағы,  повестері  жарияланған  белгілі  жазушы.  Бірақ  қу  тілді  жігіттерді 

қыздар менсіне қоймайды ғой. Сол себепті де ол өлдім- талдым деп отызға 

жеткенде  әрең  үйленеді.  Роман  прототиптерінің  ішіндегі  әзірге  балалары 

институтқа  ілінбеген  тек  осы  ғана.  Автордың  мақсаты  халқымыздың 

бойындағы  жақсы  қасиеттерді  көбірек  көрсету  болғандықтан,  романда 

жағымсыз  кейіпкерлер  өте  аз  алынды.  Түптеп  келгенде  кітаптағы  шын 

мәніндегі  жағымсыз  кейіпкер  екеу  ғана.  Оның  бірі  –  Тұмажан  да,  екіншісі  – 

Бүркітбай. 




463 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет