Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет64/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шымқап орап алыпты. Қызыл көрпе маған жай көрпеден гөрі, қыз денесінің 

басқа  бөлігін  қызғана  қымтап,  қаусыра  құшып  жатқан  әлдебір  толассыз 

құмарлық,  құштарлық  бейнесіндей  боп  көрінді.  «Мейлің,  өзге  жерін 

көрсетпесең  көрсетпе,  маған  мынау  жалаңаш  ғажап  кеудені  көрудің  өзі  де 

жетеді»  деп,  көрпемен  іштей  ұрыстым  да,  қайтадан  Меңтайдың  бетіне 

үңілдім. Сол кезде қыз төсегінің бас жағында жерде жатқан кітапқа назарым 

ауды. Оның мұқабасындағы «Жас Вертердің азабы» деген жазу көзіме оттай 

басылды.  Бұл  менің  соғыстан  қайтарда  сонау  Германияда  жүріп  оқыған 

соңғы  кітабым  болатын.  Тегі  Меңтай  мұны  түні  бойы  оқып,  тауысып,  талып 

барып ұйықтаған-ау. Бітірген соң, бас жағына тастай салған кітабы жерге түсіп 

қалған  болды  ғой,  –  деп  ойладым  да,  ақырын  еңкейіп  жердегі  кітапты 

сыбдыратпай  алып,  ептеп  қана  Меңтайдың  жастығының  жанына  қойдым. 

Содан  соң,  қыздың  мынау  ғажап  тәтті  ұйқысын  бұзбайын  деп,  аяғымның 

ұшымен бір басып, екі басып, есікке қарай шегіндім. 

Шығар  алдында  ұйықтап  жатқан  қыз  келбетіне  тағы  да  бір  бұрылып 

қарадым.  Маған  Меңтай:  «Ұйқыдағы  Венера»  картинасынан  да  сұлу  боп 

көрінді.  Шіркін-ай,  мен  ұлы  суретші  болсам,  соғыстан  келген  студент 

солдаттың ұйықтап жатқан жартылай жалаңаш сұлу қызға ыстық іңкәрлікпен, 

сонымен бірге мол мейір, қадір-құрмет таныта қадалып қалған сол бір сәтін 

ұрпақтан ұрпаққа кетер мәңгілік мұра етіп қалдырған болар едім деп ойлап, 

бөлмеден шықтым да, ептеп тартып есікті жаптым. 

Қайтадан  көшеге  шықсам,  айнала  бағанағыдан  да  жарықтанып,  төңіректің 

бәрі  жайнап,  жадырап  кетіпті.  Бағанағы  жатақханаға  кірердегідей  емес, 

менің  де  аяғым  қаздаң-қаздаң  етеді.  Жатақхананың  дәл  жанынан  өтетін 

Ұйғыр көшесіне түсіп алып, Алатаудың алыстан көрінген ақбас шыңын бетке 

ұстап,  лағып,  тарта  бердім.  Ол  кезде  Алматыда  үш  этаждан  биік  үйлер 

болмайтын.  Олардың  өздері  де  орталық  көшелердің  әр  жерінен  бір  бой 




69 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет