Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет69/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Меңтай осылай деп, оң иығына қарай басын қисайтты. Үстіне спорт костюмін 

киген  Меңтай  маған  бұл  сәтте  көз  қарықтырар  бөтен  үйдің  бойжеткенінен 

гөрі еркекшора боп өскен тентектеу өз бауырым тәрізденіп кетті. 

– Жарайды, онда солай болсын, - дедім мен күліп. 

Меңтай  мені  жетектеп  төрге  шығарып,  орындыққа  отырғызды.  Содан  соң 

үстел үстіндегі үтіктеліп болған ұзын мойынды қысқы көйлегін, гардеробтың 

есігін  қалқалап  тұрып,  оның  ішінен  және  бірдеңелерді  алды  да:  «Ағай,  мен 

қазір келемін» деп есіктен шығып кетті. 

Иен  бөлмеде  оңаша  қалған  мен  студенттік  жұпыны  тіршілік  мекеніне  көз 

жүгірттім. 

Арзанқол  темір  төсек,  тақтай  тумбочкалар.  Әр  қыздың  төсегінің  тұсына 

түскиіз,  кілемше  орнына  газет  тұтылып,  олардың  үстіне  фотосуреттер 

жапсырылыпты.  Көпшілігі  екеу-  үшеуден,  кейде  үлкен  топ  болып  бірігіп 

түскен  суреттері.  Әр  тұстан  әскери  киімді  жігіт  суреттері  көздішырамытады. 

Сондай бір жұпыны жігіт Меңтай тұсында да тұр. 

Меңтай расында да тез келді. Жаңағыдай емес, өзгеріп, басқаша боп келді. 

Үстіндегі  спорт  костюмін  шешіп  тастап,  өзінің  қыз  киімін  киіп  алыпты.  Тегі 

менің  алдымда  тар  костюммен  алды,  артын  бұлтитып  жүруге  ұялған  болу 

керек.  Мені  де  дәлізге  қуаламай,  не  теріс  қаратып  қойып,  осы  жерде 

шешініп,  көйлегінің  судыры-сусылымен,  желкені  күйдіре  жақыннан 

шыққандай  боп  білінетін  ыстық  демінің  лебімен  жанымды  қинамай,  өзі 

басқа  қыздардың  бөлмесіне  барып,  қайта  киініп  келген.  Жіп  шұлығы 

оқтаудай  түзу  аяқтарына  және  жарасып  тұр.  Мен  Меңтайдың  бұл 

инабаттылығына іштей сүйсіндім. 

–  Ағай,  мен  сізді  ертерек  кеп  қалар  деп  шай  қайнатып  қойып  едім,  –  деді 

Меңтай,  дәлізге  дәл  сол  үшін  шығып  келгендей. Киімін  ауыстырып  келгенін 



74 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет