Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет74/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

деп  жар  салады.Бірақ  Пенелопа  күндіз  тоқыған  өрмегінің  жібін  өзі  ылғи 

тарқатып тастап отырады. 

Дәмелі жігіттер арудың бұл айласын сезіп қойып, кебінді тез тоқып бітір деп 

дігірлейді. 

Бұл сыры ашылып қалғаннан кейін Пенелопа жаңа бір шарттыойлап табады. 

Енді  ол  Одиссейдің  үйде  қалған  адырна  ағытулы  садағын кімде  кім  тартып, 

бір  жебені  қатар  тізілген он  екі  шығыршықтың  көзінен  өткізсе,  соған  тиемін 

дейді.  Өйткені  ол  Одиссейдің  алып  садағын  ешкім  тарта  алмас,  сөйтіп 

мырзалар  менен  күдерін  үзіп,  құлағыма  тыныштық  берер  деп  үміттенеді. 

Күйеулердің  өзара  жарысы  белгіленген  күнге  Пенелопадан  дәмесі 

барлардыңбәрі  тегіс  жиналады.  Бірақ  олардың  ішінде  бірі  оқ  атып,  он  екі 

шығыршықтан өткізбек түгіл, алып батырдың адырнасын да кигізе алмайды. 

Осы  топырдың  үстіне  Одиссей  келіп,  ақ  некелі  әйелінің  басын  дауға 

салғандардың  көзін  құртады.  Сөйтіп  ол  өзінің  кіршіксіз  адал  жары 

Пенелопаға  қосылып,  өзі  жоқта  ер  жетіп  азамат  болған  ұлы  Телемахпен, 

барша ел-жұртымен табысып, мұратына жетеді. 

Қасымдағы  қыздың  оқып  отырған  кітабына,  кітаптың  екінші  бетінде  жатқан 

оның  ақ  сүйрік  саусақтарына  мүлгіп  телміре  қарап,  қыздың  үніне,  кітаптың 

оқиғасына  елтіп,  екеуіне  бірдей  ынтығып  мен  ұзақ  отырдым.  Сондай 

сәттерде,  кейде,  оң  иығым  Меңтайдың  иығына  тиіп  кетеді  де,  вокзалда 

отырып  ұйықтаған  адамның  селк  етіп  оянып,  мойнының  сылқ  ете  түскенін 

көрген  ешкім  жоқ  па  екен  деп,  жалма-жал  жан-жағына  қарап  әлек  боп 

алатындай, кеудемді кейін шегеріп, қолымды қайта-қайта уқалай беремін. 

Сөйтіп отырып, кешке қарай біз «Одиссеяны» аяқтадық. Әрине, мен осының 

бәрі  өз  жырым  –  өз  одиссеям  болмағанына  іштей  өкіндім.  Әлдебір  көмескі 




79 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет