Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет178/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қасында отырып, сол әнді шырқағанда, оның үніне бүкіл ауыл жиналған еді. 

Сол  күні  түнде  Заман  екеуміз  біздің  үйдің  төрінде,  дәл  осы  арада,  Тана 

екеуміз жатқан жерде, айқара құшақтасып ұйықтаған едік. Сонда ол маған өз 

ғашығы  Тана  жайында  сыр  шерткен  еді.  «Ер  мінезді,  ер  көңілді  менің 

Танамдай  қыз  жоқ»,  –  деп  қуанған  еді.  «Ол  екеуміз  тірі  болсақ,  қайтсек  те 

қосыламыз», – деп ант еткендей де болған. Енді міне сол жерде төрт жылдан 

кейін мен Заманның өзін емес, сүйген қызын құшақтап жатырмын. «Апырау, 

менің мұным жөн бе? Заман қайда? Қазір құшағымда жатқан сол досымның 

кеше бір-бірінен ыстық ләззат татысып, бірімен-бірі қосылуға ант етісіп, уәде 

байласқан  қызы  емес  пе  еді?  Ол  тірісінде  мені  бүйтіп  Тананың  қасына 

жатқызбас еді-ау. 

Ол  Тананы  көктегі  күннен  де,  жердегі  желден  де,  көлденең  көзден  де, 

гулеген  сөзден  де,  мен  тұрғай  өзінен  де  қызғанар  еді-ау!  Ендеше  менің 

мұным оны өлді деп басынғаным ба? 

Мені  құмарлық  қысып  ләззаттың  осынау  өзім  сипалаған  қос  шыңының 

төбесіне  көтерілсем  әзіз  досым  Заманның  зиратын  таптағандай  болмаймын 

ба?  Таптағаным  емес  пе.  Жоқ,  олай  болмайды.  Жаным  тірі  тұрғанда  мен 

досымның  атына  кір  келтіруге  тиіс  емеспін.  Танадан  ләззат  ұрлап,  дос 

қарызы, дос аруағы алдында қара бет болуға хақым жоқ!» 

Осылай  деп  ойлаған  маған  Тана  екеуміз  жатқан  төбесі  аласа,  қараңғы  тар 

бөлме  көрдей  қорқынышты  болып  кетті.  Тананы  құшақтап  жатып, 

саудыраған сүйек үстінде ләззат ойнағын салғандай көрініп, төбе шашым тік 

тұрып,  жаным  тітіркене  түсті.  «Арсыз,  абыройсыз,  адамгершіліктен  азған  ит 

екенсің»  деп  өзімді-өзім  кінәладым.  Биік  төсекте  бөлек  жатқан  Тананы 

азғырғандай боп, қасыма шақырып алғанымды сұмдықтай сезіндім. 




184 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет