Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет271/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Әй, Қарадомалақ, ақша алдың ба? Аһ! – дейді. 

– Алдым, – деймін мен арсалаңдап. 

– Әкел санайық, – дейді ол қолын созып. 

Мен  жаңа  ғана  кассирден  санап  алып,  көнетоз  гимнастеркамның  омырау 

қалтасына  екі  бүктеп  салып  қойған  ақшаны  қайта  суырамын.  Шалғынбаев 

оны  уыстап  алады  да,  мені  оңашалау  жерге  қарай  бастайды.  Содан  соң  ол 

жайланып отырып менің ақшамды санай бастайды. Санайды да: 

– Көп, - деп басын шайқайды. 

–  Неге?–деймін  мен  өз-өзімнен  қысылып.  Ол  бухгалтерияға  айтып, 

ақшамның  жартысын  қайтадан  алдырып  қоятындай  боп  көрінеді. 

Сасқалақтап, Шалдуардың бетіне жалтақ- жалтақ қараймын. 

– Көп деген соң көп! – дейді ол ақшаны маған қайырмай, уыстап ұстап тұрып. 

Мен  бір  оның  қолынан  суырып  әкететіндей,  будыраған  қағаз  ақшаның 

уысынан шығып тұрған шетін бармағымен басып қояды. Сонсоң мені тергей 

бастайды. 

– Сен бұл жартыда неше хабар жаздың? 

– Екеу. 


–  Әне,  айттым  ғой.  Екі  хабарға  мұнша  ақша  тиісті  емес.  Бұрын  бізге  аз 

қойылатын. 

–  Мен  қайдан  білейін,  –  деймін  Шалдуардың  алдында  қылмыс  жасағандай 

қысылып. 

–  Сен  білмейсің,  мен  саған  білген  соң  айтып  тұрмын,  аһ!  –  дейді  ол 

маңғазданып. 




277 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет