1. Рим жеке құқығы бойынша оқу құралы.
Курс бағдарламасы «Рим жеке құқығы» Алматы; 2005 ж. оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Авторлар: С.Р. Ермухаметова, Е.Ю. Коваленко.
Рим жеке құқығы әлемдік құқықтық жүйенің дамуына үлкен үлес қосты, Рим құқығы басқа құқық жүйелерінің дамуын қалыптастыруға негіз болды және күні бүгінге дейін маңызын сақтаған. Оқу бағдарламасында рим жеке құқығының негізгі институттары мен түсініктері берілген.
Берілген материал рим жеке құқығының негізгі қайнар көздерінің мазмұнын және институттарын меңгеруге, қажетті латын терминологиясын білуге, казустарды шешу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл оқу бағдарламасы бойынша алған материал азаматтық құқық, отбасы құқығы, халықаралқ жеке құқық, кәсіпкерлік құқық, азаматтық іс жүргізу және т.б. пәндерді меңгеру кезінде көмегін береді.
Оқу бағдарламасы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және халықаралық құқық сұрақтары қызықтыратын көпшілікке арналған.
Бұл оқу бағдарламасы «Заң пәндері» кафедрасында (3 ғимарат, 310 аудит.) 1 дана бар.
Достарыңызбен бөлісу: |