19
Соңғы кезеңде алдыңғы тексерулердің олқылықтары мен басқа да
кемшіліктері қарастырылады, осы тергеу әрекетіне қатысушылардың
мәлімдемелері мен ескертулері қарастырылады, анықталған кемшіліктерді
жою бойынша шаралар қабылданады (тексеру бос орнын толтыру, іздің
жақсартылған көшірмесін жасау және т.б.). Тәркіленген іздер мен басқа да
заттай дәлелдемелер жинақталған, мүмкін болса, схемалық және ауқымды
жоспарлардың ақырғы нұсқалары жасалады, оқиға болған жерді қарау
туралы хаттама жасалады.
Динамикалық тексерудің соңғы кезеңінде бұзылған қоршаған орта
қажет болған жағдайда қалпына келтірілуі мүмкін. Ол үшін заттек мен
жабдықтардың қалған қалдықтары тазартылған еденге олардың бастапқы
орнына сәйкес орналастырылады және фото немесе видео түсіру жүргізіледі
[1].
Достарыңызбен бөлісу: