Тіркелген (тұрақты) валюта бағамы кезіндегі макроэкономикалық саясат.
Орталық банк (ОБ) тіркелген валюта бағамын орната отырып, алдын ала белгіленген бағам бойынша ұлттық валютаны сатуды немесе сатып алуды өзіне міндеттейді. Бұл жағдайда ішкі тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық саясат шаралары әдетте, төлем балансының оң немесе теріс сальдосының туындауына алып келеді. Сыртқы тепе-теңдіктің осылай бұзылуы нәтижесінде саналы түрде жүргізілетін макроэкономикалық саясаттың көмегімен қалпына келуі тиіс. Төлем балансының теріс сальдосы кезінде ОБ ұлттық валютаның құнсыздануын болдырмау үшін, валюта нарығында шетел валютасын сатады және ұлттық валютаны сатып ала бастайды, яғни валюталық интервенциялар жүргізеді. Бұл валюта резервтерінің және ақша базасы көлемінің қысқаруына алып келеді. Алайда, ОБ валюта нарығында интервенциялар жүргізуі үшін жеткілікті түрде шетел валютасының резервтеріне ие болуы тиіс. Егер ОБ валюталық интервенциялар жүргізе отырып ақша ұсынысын өзгертсе, онда Манделл-Флеминг үлгісінде бұл LM қисығының жылжуымен көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |