Тақырып 1. Макроэкономика пәні мен әдістері.
1.Макроэкономика пәні
2.Макроэкономикалық талдаудың әдістері.
3.Макроэкономикалық модельдер
4.Айналым ағындарының моделі
Макроэкономика – бұл экономика ғылымының бір бөлігі ретінде тұрақты экономикалық өсу, ресурстардың толық қамтылуы,инфляция деңгейін төмендету және төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы экономиканың іс-әрекетін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін пән.
Макроэкономика ғылымы 30 - жылдары пайда болған және оның негізін Джон Майнерд Кейнс (1883-1946) өзінің “жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” кітабында құрды.
Макроэкономиканың қарастыратын мәселелері:
1.Ұлттық табыс деңгейі (ЖҰӨ,ЖІӨ)
2.Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
3.Баға деңгейі және инфляция
4.Экономикалық цикл динамикасы
5.Экономикалық өсу
6.Елдің макроэкномикалық саясаттары:үкіметінің жүргізетін бюджет салық саясаты, ұлттық банкінің жүргізген ақша-несие саясаты, валюта саяасаты,сауда саясаты және т.б.
2) Макроэкономикалық модельдер – бұл әртүрлі экономикалық құбылыстар мен процесстерді олардың арасындағы байланыстарды ашып бейнелеу және суреттеу.Кез-келген модель (логикалық,графикалық,алгебралық) зерттеу кезінде нақтылы өмірдегі жағдайды дәлме-дәл бейнелей алмайды,бірақ осы модельдер арқылы айнымалыларды бөліп қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |