Магний — атмосферадағы таралу жағынан магний сегізінші орын алады – 2,1%. Топырақ құрамындағы мөлшері – 05% шамасында ғана. Топырақтағы Mg минералдар, алмасқыш, топырақ ерітіндісінде иондар күйінде кездеседі. Өсімдік тамыры еріген және алмасқыш магнийді оңай сіңіреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі магнийдің мөлшері 0,02-ден 3,1 %-ке дейінгі аралықта болады. Балдырларда – 3,0-3,5 %. Қысқа күндік өсімдіктерде (жүгері, тары, картоп, қызылша, темекі, бұршақ) көбірек мөлшерде болады. Өсімдіктің жас мүшелері мен ұлпаларында көбірек жиналады. Магнийдің тапшылығынан пластидтердің қалыптасуы да нашар. Жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық-жасыл, соңында сары-ақшыл түстеніп, дақтар және жолақтар пайда болады. Жапырақ жиектері сары, сарғыш-қызыл немесе қызыл-қоңыр түстеніп өзгереді.
Темір — қазіргі кезде ғылыми деректерге қарағанда темір де өсімдік тіршілігінде өте қажетті, маңызды элементтердің бірі болып есептеледі. Темірді пайдалануы нашарланған өсімдіктің бірі – хлороз (сарғаю) ауруы болып есептеледі. Осы аурудың табиғатта кездесетін көп түрлері темірдің жетіспеуіне байланысты. Темірдің физиологиялық тапшылығынан, ең алдымен, азотты қосындылардың және органикалық қышқылдардың алмасуы бұзылады. Хлороз ауруына шалдыққан өсімдік ұлпаларында лимон қышқылының, көпшілік жағдайда алма қышқылында мөлшері көбейеді. Темірдің жетіспеуінен өсімдіктерде фотосинтез қарқындылығы бәсеңдейді. Қоректік ортада темірдің жетіспеуінен алмұрт, алма, қара өрік шабдалы, жүзім, таңқурай өсімдіктері көбірек сезімтал болады да, ал қарлыған қарағай онша сезімтал емес.
Натрий. Өсімдіктерде көбірек мөлшерде болатын элементтерге натрийді де қосуға болады. Әсіресе тұзды топырақтарда өніп өсетін галофиттер органдарында натрий өте көп жиналады. Теңіз балдырларында калийдің мөлшеріне қарағанда натрий анағұрлым көбірек болады. Керісінше, теңіз суында натрийге қарағанда калий бірнеше есе көп болады, яғни ортада калийдің мөлшері қанша көп болса да, балдырлар бұл элементті талғамды сіңіретіндігі байқалды.
Хлор. Натрий сияқты хлордың да тіршілікке міндетті түрде қажеттілігі әлі толық дәлелденген жоқ. Бірақ, хлорид мөлшері калийдікі сияқты жоғарғы деңгейде өте сирек көтеріледі. Тургорлығы калиймен реттеліп көбірек өзгеретін кейбір өсідіктердегі хлордың мөлшері өте аз болады да, оның орнына органикалық аниондар (алма қышқылы) пайдаланылады. Шындығында, бұл элементтің өсімдіктер үшін қажеттілігі кейінгі кезде қоректік ортаны хлордан толық тазарту арқылы жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде ғана белгілі болады.
Кремний. Бұл элемент өсімдіктерде кездеседі. Әсіресе клетка қабығында көп болады. Кремний көп жинайтын өсімдіктердің сабақтары мықты болып өседі. Диатомды балдырлардың қабықтарының қалыптасуы негізінен осы элементке байланысты. Кремний тапшы жағдайда дәнді-дақылдардың (жүгері, сұлы, арпа) бәсеңдеуі мүмкін. Өсімдіктердің көбеюі органдары қалыптасқан кезде кремний болмай қалса, масақтарда дәннің саны азайып, пісіп жетілуі кешігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |