Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Газ плитасын пайдалану кезінде.
1. Плитаны пайдаланудың алдында үй – жайды желдетіп алыңдар, желдеткішті қосыңдар. Жанарғылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізіңдер солдан кейін газ құбырындағы шүмекті ашыңдар.
2. Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түспен жануын қадағалаңдар. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіріңдер.
3. Қаңылтыр пешті жанарғысын жағудың алдында оны 2-3 минуттай ашып желдетіңдер.
Электр плитаны пайдаланар кезінде
1. Ас үй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерлендіруінің бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізіңдер және диэлектрик кілемшеге тұрыңдар. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеріңдер, плитаны отқа төзімді тұтқырға орнатыңдар. Ашық шиыршықтық электр плитасын пайдаланбаңдар. Қосудың алдында қоректендіру бауының ақаусыздығын тексеріңдер. Плитаны отқа төзімді тұғырға ( кірпіш, асбест және т.б.) орнатыңдар.
2. Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін енгізіңдер. Ашаны баудан тартып ажыратуға жол бермеңдер.
3. Электр плиткада ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдаланыңдар.
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде
1. Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу керек. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазалаңдар, етті еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздаңдар.
2. Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкөністер мен басқа да азық – түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып, бөлшектеу тақтайшаларында кесіңдер. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.
3. Қол үккіштермен жұмысістеген кезде сақ болу керек. Өңделетін азық – түліктерді ( жемістерді, көкөністерді және т.б. ) қолдарыңа мықтап ұстаңдар, өте майда бөліктерді өңдемеңдер.
Ыстық сұйықтықтармен ( су, май және басқалармен ) жұмыс істегенде
1. Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтардың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалаңдар. Қатты қайнау кезінде отты азайтыңдар немесе плитаны өшіріңдер.
2. Ыстық ыдыстың қақпақтарын сүлгімен ұстап, өздеріңнен аулақтата ашыңдар.
3. Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қойыңдар және алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |