7 Дәріс. Педагогикалық зерттеудің пәні және нысаны.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің пәні және нысанын қарастыру.
Жоспар:
Педагогикалық зертеудің нысаны.
Педагогикалық зерттеудің пәні
Педагогиканың пәні мен нысаны.
Зерттеушінің рефлексияның мазмұнындағы ғылыми жұмысқа қатысты бөлікте педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипатамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейтестілігі, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалағы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.
Мәселені қою – дегеніміз бұрын оқып үйренілмегеннің ішінен нені зерделеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені практикалық міндеттен ажырату керек (бұл туралы осы кітаптың 1.1 бөлімінде айтылған). Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады. Бұны, білмейтініміз туралы.
Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз. Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай қозғалыс көрініс табады, яғни бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді. Зерттеудің көкейтестілігін негіздеу, яғни – бұл мәселені осы кезде неге зерделеу керек екендігін түсіндіру. Практикалық және ғылыми көкейтестілікті ажырату керек. Зерттеуді бұлар сәйкестенгенде ғана бастаудың мәні болады. Мәселе ғылымда шешілген, бірақ белгілі бір себептермен ғылымда алынған білімдер практикаға жетпей қалуы ықтимал. Бұл бар ғылыми еңбектерге тағы ұқсас біреуін жазудың қажеті жоқ. Зерттелген мәселеге қайта күшті жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолдануға жеткізу дұрыс болып табылады.
Зерттеу объектісін (нысанын) анықтау дегеніміз – зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау.
Дегенмен, объект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән – объектіден кесіп алынған бөлік емес, ол объектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі.., мысалы, «оқулық...», «ғылыми негіздеме...», «тұлғалық тәжірибе қосу...» және т.б. Пәнді бөліп, біз объектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз: зерттеу пәні – зерттеу объектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білу. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерртеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді, өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері, оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық және т.б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Бұл жұмыстың нәтижелерін аяқталған күйінде көрсетуге үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол жұмыс «шектелмейді», яғни шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) келуге мүмкіндік аламыз.
Сондықтан шын мәнінде жүргізілген зерттеулердің объектісінде «мектеп оқулығы» зерттеу пәні ретінде бөлініп алып көрсетілген.
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы оқушылар білімін жүйелеу құралы, басқа жұмыста ол кіші жастағы мектеп оқушыларының ақыл ойының даму құралы есебінде қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің айналасына топтастырылады, обектіні пәнде көрсетілген қырынан ғана қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету – объектінің ғылымдағы бар сипаттамасы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде бөліп көрсетті. Өз адына мақсат қоя отырып, ғалым зерттеу барысында қандай нәтиже алу кректігін анықтайды, ал міндеттер мақсатқа жету үшін не жасау үшін не жасау керектігі туралы түсінік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |