Мамандық таңдауында ата ананың маңызы


Ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт



бет2/2
Дата12.10.2022
өлшемі308,52 Kb.
#152754
1   2
Байланысты:
мамандыққа

Ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт Психология Мен және менің таңдауым (тренинг)
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ (ТРЕНИНГ)
ADMIN · ЯНВ 29TH, 2015 · 0 COMMENT
«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-психолог Уджукулова Анар Давлеткановна
Тренинг сабақтың тақырыбы: «Мен және менің таңдауым»
Мақсаты: 1. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі тақырыбымыз «Мен және менің таңдауым» келесі жаттығуымызды бастамастан бұрын біз өзімізге ереже құрып алайық.
Ойын ережесі
– бір-бірін тыңдау
– уақыт үнемдеу
– белсенділік таныту
– достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
«Ғажайып қорапша»
Щебер бойында тұрып өзінің ең жағымды және ең жағымсыз қасиетін айту.
Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы
Қазір бәріміз ыстық доп ойынын ойнайық, барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.
Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»
Жүргізуші: Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай 4 деңгейге тоқталған.
1. Басқарушылар;
2. Сақтаушы- қорғаушылар;
3. Қаржыгерлер- дәрігерлер;
Тренинг: Қол- мидың жалғасы.
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік: Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің- қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
1. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз
Жүргізуші:
1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
4. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
5. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
6. Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
– Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Релаксация
«Мен бақытты баламын».
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:
– «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»
Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.
– «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып, ең жақын досына сыйла»
Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.
ерін ортаға салады.
Қорытынды:
– Сізге тренингте не ұнады?
– Не ұнаған жоқ?
– Тренинг-сабаққа керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет