Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс» Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»



Дата17.12.2021
өлшемі16,58 Kb.
#102036
Байланысты:
есеп хирургия студент


1 есеп

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Пәні «Хирургия және реанимациядағы медбикелік іс»

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған ер адам қабылдау бөліміне жеткізілді. Қатты ауырсыну сезіміне байланысты науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде.

Қарап тексергенде: зақымданушыда тері жабындысы бозарған, терісінде көптеген сырылулар бар.

Status localis: тізенің төменгі бөлігінде 5,0 х1,5см көлемді жара, жарадан алқызыл түсті қан атқылап ағуда. Жара аймағында патологиялық қозғалыс, крепитация, жарадан төменгі бөлікте пульс анықталмайды. АҚ-100/70 мм.сын.бағ., пульсі -110 мин, әлсіз толымды, тыныс алуы үстіртін.
Тапсырма


  1. Науқастың жағдайын анықтап, оны негіздеңіз.

  2. Медбикенің дәрігер жоқ кезіндегі іс-әрекет алгоритмін демонстрациялаңыз.

2 есеп

Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Пәні «Хирургия және реанимациядағы медбикелік іс»


15 жасар қыз от жалынымен термиялық зақым алды. Зардап шегуші термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Қарап тексергенде: сол жақ иығында ал-қызыл түсті, шеттері тегіс емес, көлемі 4,0*5,0 см күйіктік жара. Күлбіректер қоймалжың сарысулы сұйықтыққа толы. АҚ- 110/70мм.сын.бағ., пульсі -110 рет мин. Ауырсыну сезімі мен сезімталдығы төмендеген.


Тапсырма

1.Науқастың жағдайын анықтап, оны негіздеңіз.



2.Медбикенің дәрігер жоқ кезіндегі іс-әрекет алгоритмін демонстрациялаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет