Төлебаева Зарина Қанатқызына Мінездеме Төлебаева Зарина Қанатқызы 24.05.2000 жылы Байқоңыр қаласында дүниеге келді. 2018 жылы №277 мектеп-лицейді аяқтап, Қазақ Ұлттық университетінің «Биология және биотехнология» факультетінің «5В060700-Биология» мамандығы бойынша оқуға түсті.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алғаш түскен күндерінен-ақ оқуда жақсы нәтижелерге жететіндігіне көз жеткізді. Оқу материалдарды жетік меңгеріп, еңбекқорлығымен және өз мамандығына қызығушылығымен көп оқытушылардың көңілінен шықты. 3 курстан бастап биофика, биомедицина және нейроғылым кафедрасына ауысты.
Төлебаева Заринаның дипломдық жұмысының тақырыбы: «Маусымдық өзгерістер кезінде адамның қан қысымының әртүрлі деңгейінде ағзаның бейімделу реакцияларын анықтау». Дипломдық жұмысқа байланысты ізденістер жүргізіп көп материалдар қарады. Әдебиеттерді мемлекеттік кітапханадан және интернет желісінен қарап жұмыс жүргізді.
Төлебаева Зарина 21.02.2022 жылдан бастап 26.03.2022 жыл аралығында оффлайн практикадан өткен болатын. Зарина практика барысында өзін жақсы көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарады. Бірінші күннен бастап ақ, практикаға белсенді араласып, дипломдық жұмысына кірісті. Бұл практикада Зарина тапсырылған жұмысты уақытылы және ерекше ұқыптлықпен орындай білді.
Зарина практикалық жұмыстарға жақсы араласып, өзін жақсы жақтан ұсынды. Университетте, факультетте, кафедрада өткізілетін әртүрлі қоғамдық іс-шараларға белсенділікпен ат салысады. Ол өзінің білімімен және жеткен жетістіктерімен болашақта Қазақстан Республикасын алға жетелеуге құштарлы ат салысатыны анық. Болашақта өз бағытында жақсы маман болатынынан зор үміт күттіреді.
Ғылым жетекшісі Аблайханова Н. Т. б.ғ.к. профессор м.а.