Жіті
Созылмалы
Жіті түрі Жатырдағы нәрестенің жіті түрінің негізгі белгілері нәрестенің жүрек соғысының толғақ кезінде нашарлауы, жиілеуі (160-тан асып) не сиреуі (100-110-нан төмен болуы). Егер әдеттегі мнен кейін, нәрестенің жүрек соғысы өз қалпына келмесе, онда оттегінің мүлдем жетіспеуінен оның қысылуы ұлғаяды. Бұл қысылу белгілерін арнайы стетоскоп арқылы тыңдап, қосымша фонография, ультрадыбыс арқылы анықтайды. Созылмалы түрінің белгілері: Нәресте қимылының өзгеруі. Орта есеппен нәресте 1 сағатта 4-5 рет қимыл жасайды, оның сиреуі не жиілеуі оттегінің жетіспеушілігін анықтайды. Сирек қимыл жүктіліктің ұзаққа созылуында не резус-қайшылықта кездеседі. Оттегінің жетіспеуін қимыл арқылы анықтайтын тәсілдер: - Дем алуды тоқтату – дем алған кезде нәрестенің жүрек соғысы 7-10-ға дейін сиреп, дем шығарғанда 13-14 дейін жиілейді. Нәресте қысылған кезде оның жүрек соғысы екі жағдайда да (ананың дем алуы мен дем шығаруы) артады.
- Оттегі беру – егер жүкті әйел он минут оттегі қабылдағаннан кейін, нәрестенің жүрек соғысы 160-тан асса не 110-нан төмен болса, бұл қысылудың белгісі.
- Жылу және суық әсер. Егер жүкті әйелдің құрсағын салқындатса, әдетте нәрестенің жүрек соғысы 8-10-ға дейін сирейді, ал жылытса 13-14-дейін соғысқа жиілейді. Нәресте жатырда қысылған кезде бұл заңдылықтар сақталмайды.
Емдеу жолдары - Әйел ағзасын оттегімен қамтамасыздандырады. 20мл 40% глюкоза мен 1мл сигетин қоспасын; 1мл 0,5% куратилді 400мл реополиглютинді венаға жібереді. Бұлшықетке 1мл АТФ 100мл/г кокарбоксилазаны салады, фолий қышқылы мен метионинді ішуге береді.
- Емдерден кейін нәрестенің жүрек соғысы теңеліп жөнделмесе, онда ананы кесар тілігі арқылы босандырады. Ал нәресте босанудың ІІ кезеңінде қысылса, оны акушерлік қысқыш арқылы, егер нәресте құйрығымен орналасса, шаптан тартып шығады. Нәресте жыныс ернеулерінен тез туыы үшін аралықты төмен қарай 2см тіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |