Мамандығым – мақтанышым
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Ибраева Гулмира Ержанқызы
№47 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі