«Мамандықтың бәрі жақсы…» атты студенттермен кездесу кеші Қопа орта мектебі 2016-2017 оқу жылы



Дата08.06.2018
өлшемі46,44 Kb.
түріСабақ

.

«Мамандықтың бәрі жақсы…» атты студенттермен кездесу кеші

Қопа орта мектебі

2016-2017 оқу жылы

«Мамандықтың бәрі жақсы…»

1-жүргізуші. Армысыздар, қадірменді халайық!

Сәлем сөздің сыр-айнасын ашайық

Қуанышты шаттықпенен жүздесіп

Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар!

2-жүргізуші. I-курста аузын ашып, семинарда пардан қашып , лекцияда секіріп, сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп, универдің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып жүрген студенттерге жалынды сәлем!

1-жүргізуші.

Вечер десе топырлайтын

Сабақ десе оқымайтын

Дайындықтан кешігіп

Апайларым жазалайтын демекші айналайын класстастарым сендерге жалынды сәлеем!

2-жүргізуші. Студенттер мен түлектердің арасындағы дәстүрлі кездесуге арналған «Мамандықтың бәрі жақсы…» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші.Тек жүректен арналар сөзіміз де

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе сөз кезегін мектеп директоры: Қаржауов Руслан Сайынұлына береміз.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Демесинова Айнұр Әмірханқызына сөз береміз.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балмұратова Райгүл Қосақбайқызына сөз береміз.

2- жүргізуші. Шыныменде студенттік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық. Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ мамандық иесі болу. Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет. Студенттердің құрметіне Амангелдин Сағымжайды «.Сенің .ұлыңмын» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші. Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін

Мерекең құтты болсын түлектерім

Қол соғып ортамызға шакырайық

Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін деп кешегі мектебіміздің түлектері бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз!

Ойын : Кім батыл

2-жүргізуші. Ұстаздар, сіздер де студент болдыңыздар сол студенттік кездерге саяхаттасаңыздар қалай қарайсыздар?

Ситуациялық жағдайлар.

1.Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткен соң досыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығар едіңіз?

2. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды.Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз.Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады.Жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген.«Ата мынау менің апайым,бүгін маған ұрысты»деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді.Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?

3.Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың қазақша сіз орысша білмейсіз,жағдайды ешкімді араластырмай қалай шешер едіңіз

4.Жатахана. Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан әкелген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып ламбада билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асхана барсаңыз қазан жоқ,не істейсіз сол кездегі көңіл күйінізді көрсетіңіз, қонақтарға қалай жеткізер едіңіз.

2-жүргізуші.Сіздерге үлкен рахмет..Ұстаздар сіздер қандай әсер алдыңыздар?Студенттік кезге саяхаттаған сіздерге ұнадыма?

1-жүргізуші.Студенттер болашақ жас мамандар

Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар

Бастарына тек кітап жастанғандар

Студенттер ұстаздарға ұнағандар дей келе сіздердің құрметтеріңізге Есбосынов Даниярды әнімен ортаға шақырайық.

2-жүргізуші. 11-сынып оқушыларын керемет әзілімен ортаға шақырайық!

1-жүргізуші.Дәл осындай керемет әзілден кейін әсем ән тыңдайық.Сахна төріне Жақсылықов Заманбекті әнімен ортаға шақырайық.

2-жүргізуші.Бастайық қызық думан ойын шартын

Кім тапқыр сол адамды мойындайтын

Ойменен ақылменен санаменен

Білген жөн бәрімізге заман нарқын дей отырып кешіміздің келесі бөлімін кім жылдам ойынына берсек.

Ойын шартын сіздерге Қайрат түсіндіретін болады.

Ендеше Қайрат бастайық.

1-жүргізуші.Студент ертеңіне жол ашады

Асқақта нұрлы болар болашағы

Дәл осы мектебімде білім алып

Арманға алас армас қыр асады деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек.Өздерініздің оқып жатқан оқу орындарыңыз жайлы айтып кетсеңіздер.

2-жүргізуші. Бақшамда жанып жанып

Аспанда жарық жарық

Ғажайыпқа бөлейді түнгі шырай

Болыпса шіркін шіркін

Жолықса бір күн бір күн

Жұлдызым менің жұлдызым ай дей келе Халел Көркемайды жұлдызым әнімен ортаға шақырайық.

1-жүргізуші.Студенттік өмір – махаббат қызық мол жылдар.

Сессия – тар жол тайғақ кешу.Сессиядан кейін – дауылдан кейін.Степендия – ұзаққа бармайтын қуаныш. Далаға шыққан студент – жаяу мұса. Свидания – кешікпей келем деп ең. Лекция – қалғып мүлгу. Семинар – сен тимесең мен тимеймін. Диплом қорғау – қыл көпір демекші студенттерге арнаған Қабдешов Сералының әсем әніне кезек берейік.

2-жүргізуші.Тағы да бір ойын ойнасақ қалай болады?

Есбосын Данияр

Бұл ойын Сөз тапқанға қолқа жоқ деп аталады

1-жүргізуші.Ж.Аймауытов айтқандай «мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту ,тамақ асыраудың ғана жолы емес, улкен өнерді зор шеберлікті қажет ететін нәрсе »десек,Абай атамыз айтқандай «болмасаңда ұқсап бақ бір ғалымды сүйсеңіз ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз»дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп мамандық иесі болайық!Егеменді еліміздің ертеңі маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!



2-жүргізуші.Жас түлектердің ұйымдастырып жатқан«Мамандықтың бәрі жақсы..» атты кешіміздің қонағы болып келгендеріңізге үлкен рахмет! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0a2d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a2d -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі
0a2d -> Дөң орта мектебі 2007 – 2008 оқу жылы
0a2d -> Диктантар жинағы 5-9 сынып Қазақ тілі мұғалімі : Бейсембаева Г.Қ


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу