«1 Мамыр – Бірлік пен Татулық мерекесі», «1 Мамыр – Бірлік пен Жасампаздық мерекесі» тақырыптарында диктант, эссе жазу;
«Достық пен өзара түсіністік», «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» тақырыптарында БАҚ-тарға мақалалар жариялау;
Балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары арасында «Бейбіт ел – бақытты бала» сурет салу байқауын өткізу мақұлданады.
3 мамыр – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» челенджін 2024 жылғы 3 мамырда сағат 11-00-де бір мезгілде ұйымдастырылады. Республика бойынша мектеп бітіруші түлектер (9,11 сынып) мектептің ауласына немесе көше бойына ағаш отырғызады.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні».
«Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» тақырыбындағы іс-шарада отан қорғаушы айбынды азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігін насихаттау ұсынылады.
Бұл күні «Біздің даңқты бабаларымыз», «Ұлттық патриотизм», «Бақытым - Отаным», «Жаса, Қазақстан!» т.б. тақырыптарда тәрбие сағаттары шеңберінде шығармашылық оқу кештерін ұйымдастыру ұсынылады.
«9 мамыр – Жеңіс Күні!».
Мерекені атап өту мақсатында «Ерлігім – елім үшін!» тақырыбында ардагерлердің өмірі мен ерлігі туралы қысқаметражды фильмдер көрсету, көркем әдебиеттері мен ерлік туралы мақалалар мазмұнынан тұратын тәрбие сағаттарын, сондай ақ, отансүйгіштік, елжандылық пен патриотизмге баулуға бағытталған дәрістер, семинарлар, әдеби шығармашылық кештерді өткізу ұсынылады.
Мерекелік лента тек Мемлекеттік Ту түсімен сәйкес болуы керек.
10 мамыр, «Игі істер» акциясы.
Бұл күні әр білім алушы мүмкіндігінше игі істер жасауға қамтылады. Іс-шараға еріктілердің қатысуымен ардагер ұстаздарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, қарттар үйіне, балалар үйіне ерекше мейіріммен, ықыласпен сый құрмет жасау көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |