М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет28/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   138
(еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қа-
даммен,
т. б.). Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілігі 
жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі 
баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрі-
неді.
Публицистикалық стильдің әдеби ауызша түріне радио-
теледидардан берілетін хабарлар жатады дедік. Зерттеушілер 
телехабарлардың құрылымы тетрададан (төрттіктен) тұратын-
дығын атап көрсетеді: 
- сөйлеу тілінен; 
- табиғи дыбыстан; 
- музыкадан; 
- көріністен (М.Серғалиев). 
Олай болса, аудиовизуалдық хабарлардың адресаттары 
көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып 
келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшелік-
теріне байланысты ол хабарлардың тілдік сипаты да әр түрлі 
дәрежеде көрінеді.


Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ линг-
вистикалық ерекшеліктер төмендегідей: лексика мен фразео-
логияда – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер 
(хабар, репор-
таж, ереуіл, парламент, демократия, сұхбат, диктор),
баға-
лауыш лексикалық бірліктер 
(ұлтжандылық, көшбасшысы, бә-
секеге қабілетті, ұрпақтар сабақтастығы, ақпараттар ағыны 
т.т.),
ілгеріде келтірілген эмоционалды-экспрессивті сөз орам-
дары, перифразалар 
(көгілдір экран, ақ халатты абзал жан, 
қара алтын, дала кемесі т. б.),
стандарт тілдік бірліктер 
(ар-
найы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгі-
мелейді, т.т.);
грамматикада – қосарлы сөздер (бұқаралық-
саяси, үгіт-насихаттық т.б.), бұйрық рай тұлғалы сөздер 
(жүзеге 
асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын),
сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұ-
рақтардың, әртүрлі қайталамалардың, көркемдік құралдардың 
қолданысқа түсуі, ықшамдалған сөйлемдер мен түрлі синтак-
систік құрылымдардың пайдаланылуы, өзге де стиль түрлеріне 
тән белгілердің кездесуі жиі байқалады. Мәселен, ақпараттың 
толық әрі нақты жеткізілуін қамтитын синтаксистік құрылым-
дарға негізделген баспасөз тіліне қарағанда, теледидардан көр-
сетілетін жаңалықтар мен ақпараттар легі қысқа әрі нұсқа 
үлгісіндегі сөйлемдермен жеткізіледі, онда стандарт тілдік бір-
ліктер, дәстүрлі қалыптасқан сөз үлгілері жиі жұмсалады: 
Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарлары-
ңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей 
эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хаба-
рымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек 
спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздер-
мен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, 
т.б. Мұндай құ-
былыс – теледидар хабарлары тілінің табиғатына тән ерекшелік.
Публицистикалық стильдің ауызша әдеби түрі – өзінің 
атқаратын қызметі, тілдік-стильдік элементтерді пайдалану 
принциптері, кімдерге қаратыла айтылатындығы жағынан жазба 
тілден де, ауызекі сөйлеу тілінен де бөлек танылатын құбылыс. 
Бұл түрі шаршы топ алдында сөйленетін, ресмилік сипаты бар 
тіл тәжірибесіне негізделеді. Демек, ана тіліміздің сөздік қорын 
байытып, әдеби тілімізді дамытып кеңейтетін, сөйлеу мәде-
ниетін көтеруге пайдасын тигізетін теледидар тілін ғылыми 


тұрғыдан зерттеп-зерделеу мәселесі аса маңызды болып отыр.
Осы бағыттағы түбегейлі ғылыми зерттеу жұмыстары бірінші 
кезекте радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің жете сөз 
етілмей, қарастырылмай келе жатқандығын алғаш рет таныған 
ғалым М.Серғалиевтың
16
бірқатар мақалалары мен ой-тұжы-
рымдарынан басталады. Ғалым телехабарлардың тіл тазалығы 
жөнінде, ондағы тележүргізушілер мен дикторлардың тілінде 
ұшырасатын бейнормалық элементтердің орынсыз қолдану мә-
селелерін сынай отырып, тіл мәдениетінің көрсеткіші – газет-
журналдар мен радио, теледидар тілі екенін пайымдай келіп: 
«Солай бола тұра, радио тілі, телевизия тілі дейтін мәселелер 
тасада қалып келе жатыр. Саусақпен санарлық газет мақалалары 
бұл олқылықты тіптен толтыра алмайды. Әлі бұл тұрғыдан тео-
риялық та, практикалық та мәні бар жайлар толып жатыр. Он-
дағы жылдар бойы жинақталған материалдар негізінде радио 
тілінің де, телевизия тілінің де теориясын жасайтын мезгіл 
жетті» – дейді. Бұл пікірдің айтылғанына біраз уақыт өтті. Бұл 
бағытта жоғарыда айтылғандай, теледидар тілін зерттеу ісі қолға 
алынып, теориялық мәселелері біршама ғылыми тұрғыдан иге-
ріле бастады.
Радио-теледидар хабарларының тілі қандай дәрежеде 
дегенде, жинақтап айтар болсақ, жаңалықтарды дер кезінде 
жеткізу қызметінің қалыптасқандығы; материалдардың нақтылы 
тақырыппен, жүйемен топтастырылуы; диалогке қатынасушы-
лардың сөйлеуге әзірлену дәстүрі; хабар жүргізушінің еркін түр-
де, қысылмай сөйлеуі; хабардың берілу тәртібіне сәйкес тех-
никалық құралдардың пайдаланылу реті т.б. біршама тартымды 
сипатта көрінеді. 
Радио-теледидар тілі ауызекі сөйлеу тілімен тең емес, 
арақатынасын ажырату керек. Осындай шарттары сақталмайды 
(ұйым-мекеменің атаулары толық айтылмайды, орыс сөздерінің 
орынсыз қолданылуы, бір сөздердің жөнсіз қайталанулары т.б.). 
Әрине, сөздерді сұрыптап, керегінше пайдалану хабардың жанр-
лық ерекшелігіне қарай жүзеге асады. Ауызша сөйлеу түрі бол-
ған соң, әдеби тілде, оның норма-заңдылықтарын мүмкіндігінше 
16
Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997, 134-б. 


сақтап жеткізуі қажет. Әсіресе, орфоэпиялық норма, оны құ-
райтын заңдылықтарды меңгеру, тыңдарман дұрыс түсініп қана 
қоймай, әсерлі қабылдауы үшін дауыс, интонация, екпінді дұ-
рыс қою, кідіріс жасау, дауыстың сазы, қарқыны, сарыны, 
биіктігі тәрізді сапалық ерекшеліктерін жетік игеру маңызды 
болып есептеледі. Осы талаптар тұрғысынан кездесетін кемшін 
тұстар, жайттар баршылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет