Қарым-қатынас жағдайы қолданыс аясының ресми не бей-
ресми сипатына қарай анықталады. Ресми аяда сөйлеу үлкен
жауапкершілікті, зор дайындықты талап етеді. Қолданыс тілінің
барынша жазба әдеби тіл нормаларына сай сөз саптауда айқын-
дылық, дәлдік, икемділік талаптарының болуы шарт. Ал бей-
ресми аядағы жағдай тікелей қарым-қатынас жасау барысында
жүзеге асады. Негізгі мақсаты өзара тілдесу не тікелей хабар
беріп, хабар алу болғандықтан, норма талабы сақтала бермейді.
Тілдік құралдардың ықшамдылығы, сөз таңдаудың еркіндігі,
оның эмоциялық мәні басым болатындығы, паралингвистика-
лық факторлардың, бейвербалды элементтердің қатысуы, бей-
әдеби бірліктердің қолданысы жиі байқалады. Дегенмен де,
қарым-қатынастың қандай аясында болмасын, тілді жұмсауда
мәдениеттіліктің болуы, этикалық норманың бұзылмауы шарт.
Сайып келгенде, қарым-қатынас жағдайында сөйлеушінің өзін-
дік сипаты, сөз қолдану мәнері оның жеке интеллектуалдық қа-
білетіне, рухани дәрежесіне, білім деңгейі мен мәдени болмы-
сына, адамгершілік, сыпайылық, т.б. қасиеттеріне қарай таны-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: