М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет6/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
функционалды стилистика
қоғамның әр алуан саласындағы коммуникативті міндетке 
тәуелді тіл қызметінің заңдылықтарын қарастырады әрі сөздің 
базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлар-
дың ықпалынан пайда болған бағыты. Функционалды стилис-
тика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Ол бәрінен 
бұрын функционалды стильдердің жұмсалу заңдылығы мен 
өзіндік қызметін және өзге де функционалды-стильдік өзгеше-
ліктерді, яғни «стилішілік» («подстильдік») жанрлық жағдаят-
тықты және т.б. зерттейді. Тілдің жеке стилистикалық мүмкін-
діктерін қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне, мазмұн сипа-
тына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым-
қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу 
функционалды стилистика міндетіне кіреді, басқаша айтқанда, 
әрбір сөйлеуші мен айтушының есінде болатын стилистикалық 
басты ұстанымдарының негізгісі – қарым-қатынас саласына бай-
ланысты тіл құралдарын орынды әрі тиімді қолдану керек, одан 
кейін оның мақсаты мен міндетін, жағдаят, айтылым мазмұны, 
жанр және т.б. экстралингвистикалық факторлары да қатаң ес-
керілуі қажет. Сонымен, функционалды стилистика дегеніміз – 
әртүрлі қарым-қатынас саласында, адамның іс-әрекеті түрлеріне 
сай қолданылу заңдылығын, сонымен қатар функционалды 
стильдер мен басқа да функционалды түрлерінде, белгілі бір 


қарым-қатынас аясында тілдік құралдарды таңдау мен үйлес-
тіруді зерттейтін лингвистикалақ ғылым.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың пайымдауларында қа-
зіргі заманғы стилистиканың ең негізгі және ірі де көлемді, бо-
лашағы зор бағыты болып табылады. Дәл осы бағыттың қалып-
тасуы ХХ ғасырда стилистиканың жеке ғылыми пән ретінде 
қалыптасуымен тығыз байланысты. Функционалды стилистика-
ның ерекшеліктері мен негізгі мәселелерін зерттеудің маңызды-
лығы және өзектілігі туралы отандық ғалымдармен қатар шетел 
тілші-ғалымдары, сондай-ақ орыс тіл білімін зерттеушілер бір-
неше рет ой-пікір таластырып, тәжірибе алмасқаны байқалады.
Қазіргі кезеңдегі функционалды стилистиканың өзектілігі 
мен дамуы құрылымдылықтан гөрі функционалдық аспектіде 
жүргізілген лингвистикалық зерттеулердің жалпы сипатталуы-
нан көрінеді. Осыған байланысты прагматикалық бағыттарға, 
соның ішінде стилистикаға осы сипатталу бағдары жатады, 
өйткені стилистиканың негізгі қарастыратын мәселесі – мәтін, 
яғни тілдің функциялану заңдылықтары енетіні кездейсоқтық 
емес. Стилистиканың негізгі екі бағыты – «тіл құралдарының 
(ресурстар) стилистикасы» және «функционалды стилистика», 
бұлар – тілдің құрылымдық және функционалдық екі аспектісін 
көрсетеді. Функционалдық тек стилистикаға ғана қатысты емес, 
сонымен қатар тіл ғылымының басқа да салаларымен тығыз 
байланысты екені белгілі.
Стилистиканың әріден келе жатқан дәстүрлі саласының 
тағы бірі – тілдің стилистикалық қорын зерттейтін 
тіл құрал-
дары (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы.
Тіл құ-
ралдары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталады. Тіл 
құралдары стилистикасы барлық тіл деңгейлеріндегі тұлға-бір-
ліктердің қызмет ету амалдарын қарастырады, яғни тілдің сти-
листикалық бояуға ие құралдарын, тілдік тұлғалардың (ды-
быстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін, мағыналық-
қолданымдық реңктерін зерттейді. Жазушы тілінде қолданы-
латын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың 
құрамына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары – 
оның негізгі зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, 
жалпыхалықтық тілдік қордың (байлықтың) стилистикалық 


құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың негізгі базасын құ-
райды. 
Бұлардың ішінде жеке ғылыми бағыт ретінде қарқынды 
дамып келе жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет