М.Қанабекова


Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері



Pdf көрінісі
бет62/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138
Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері 
Экспрессия – эмоцияны, ерікті ойды білдіруге, мәнерлі-
лікті күшейтуге қызмет ететін стильдік категория. Яғни, тілге 
эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің көркемдік қасиеті. Ал 


экспрессивтілік – сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы ойдың 
мазмұнын күшейтіп, әсірелеп, бейнелеп жеткізуде қолданы-
латын сөз өрнектері. Тілде экспрессивтілікті білдірудің сан ал-
уан тәсілдері бар. Мысалы, 
Тұсынан Қызыл Жебе мінген көкесі 
зу етіп өте шыққанда, Тұрарға көкесі ат емес, найзағайға мініп 
көз ілеспей ұшып өткендей көрінді
(Ш.Мұртаза) дегенде 
зу ету, 
көз ілеспеу
фразеологизмдерінің 
шапшаң, тез, бірден
сөздеріне 
қарағанда айрықша эмоция, экспрессивтілік мән тудырудағы 
қызметі зор. 
Оқулық авторларының көрсетуінше, экспрессивтілікті 
білдірудің басты синтаксистік тәсілдері мыналар: 
1.Экспрессивтілік мағына дауыс ырғағын мазмұнға сай 
құбылту арқылы пайда болады (интонация). 
«Абай жолы» романындағы мысқылдап күлген чинов-
никке Абайдың айтқаны: 
Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, 
мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой!
– (М.Әуезов) ойнақы, 
көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жеткізіледі. 
2.Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына бо-
лымсыз мәнді сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті ма-
ғына үстеуге болады. Салыстырыңыз: 
Мен институтты біті-
ремін – Мен институтты бітірмей қоймаймын
(алдына қойған 
мақсатқа жету мәні сезіледі). 
3.Баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын 
-мен (-ман), -
бен (-бан), -пен (-пан)
түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағы-
насын экспрессивті етуге болады. Мұндай болымсыз сөйлемдер 
қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді. Мысалы: 
Алдыңа келіп тұрмын деп, 
Ар-намысымды қашырман! 
Бұлтқа жетпей шарт сынбан, 
Айта келген сөзім бар, 
Не қылсаң да жасырман! 
(Махамбет). 
4.Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес 
басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту 
арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. 
Көп білген 
жақсы – көп білгенге не жетсін! Ол сөйлей бастады – Ол сөй-
лей жөнелді.


5.Сөйлемде етістікті баяндауыштардың қайталануы ар-
қылы да, синтетикалық және аналитикалық формадағы болым-
сыз баяндауыштардың да қатар қолданылуы арқылы экспрес-
сивті мән жасаудың синтаксистік амалдары болады. Мысалы: 
Есіл, Тоғжан, ұмытпаспын, ұмытпаспын! (М.Әуезов) Есебім 
былғанған да жоқ, былғанбайды да! 
– деп жауап қайтарды 
(Ғ.Мүсірепов). 
6.Инверсиялық қолданыс та сөйлемге экспрессивтілік мән 
үстейді: 
Оны білген Құнанбай жоқ
(М.Әуезов). 
Оның сөзіне 
құлақ асқан мен жоқ
(Сөйлеу тілінен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет