Бейнелі тұрақты тіркестер
Мұндай топтағы сөз тіркестері тек ауыспалы мағынада
жұмсалып қоймай, сонымен қатар ерекше образды-мәнерлегіш-
тік сипатта жұмсалады. Ондағы ой метафоралы сөз орамдары
арқылы тұжырымды, өткір, әсерлі бейнеленеді. Сондықтан бей-
нелі сөз тіркестері деп аталады. Онда
тұрақты эпитет, теңеу,
тұрақты әсірелеу, тұрақты литота
тәрізді поэтикалық тіл
үлгілері бар.
Тұрақты теңеу:
үріп ауызға салғандай, тонның ішкі
бауындай, инемен құдық қазғандай, көздің қарасындай, сөзі
түйеден түскендей, бит шаққандай т.б.
Тұрақты этитет:
ай қабақ, ит жанды, жылқы мінезді
т.б.
Тұрақты әсірелеу:
көзі шарасынан шығу, телегей-теңіз,
көп түкірсе көл, қара қылды қақ жарған, күн десе көзі, ай десе
аузы т.б.
Тұрақты литота:
дүниені бір уыс қылу, көз ілінбеу, кірпік
қақпау, иненің жасуындай, темір етік теңгедей, темір таяқ
тебендей т. б.
Антитеза
(шендестіру) жолымен құрылған сөз тіркес-
тері: бірде бие, бірде түйе, мың асуға бір тосу.
Дамыту:
тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер,
ат мұратқа
жеткізер; оқу –
білім бұлағы, білім– өмір шырағы
т.б.
Параллелизм:
қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің
көркі; Киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер.
Анафора:
бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды; қол
қолды табады; көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен
болады т. б.
Эпифора:
Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ, аласаны
атқа санама, жақынды жатқа санама.
Фразеологизмдерге бейнелілік, мәнерлілік сипат беретін
дыбыс үйлесімі,
ырғақ және ұйқас: сабыр түбі сары алтын;
айтпа, айтқандарыңнан қайтпа; қысыла-қысыла қыз болдым
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |