Мансурова Надира Марипжанқызы Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны



Дата17.06.2018
өлшемі29,67 Kb.
#42649
Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы

«П.Вихрев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Мансурова Надира Марипжанқызы

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерінің курсын аяқтап, биылғы оқу жылында 1,5-сынып оқушыларын жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақ тілі пәніне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зеттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздім. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өттік.



Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні – баланың функционалдық сауаттылыған қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Жаңартылған білім- болашақтың кепілі.

Сабақ: 1

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сынып: 5 «А»
Шоқжұлдыздар

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға аспан әлеміндегі шоқжұлдыздар жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік :

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы ,Қазақ тілі оқулығы

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ): қазақша шоқжұлдыздар жайлы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі(ОЖЖ): қазақ тілінде берілген тапсырмаларды орындайды..

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрады.

Жаңа сөздер:

Шоқжұлдыз, жорамалдаған, мәңгілік өзгермейді, ілім, дәлелдеу, дөңгелек, ғылымды дамыту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар,А4 парағы, тақыпқа қатысты қима-қағаздар, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Қарлы кесек» әдісі , «Үнсіз оқу» стратегиясы , «Семантикалық карта», «Шашылған сөздер» ойыны, «Жағымды сөздер» тәсілі,

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар,сөздік.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингін өткіземін. (1 мин)

«Қызыл, жасыл» жұлдызшалар арқылы топқа бөлемін (1 мин)




Жақсы сөз –жанды жадыратар. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Түске байланысты топқа бөлінеді.



Өткен сабақты тексеру

«Қарлы кесек» әдісі арқылы өткен сабақтың тапсырмасын тексеремін.

«Жетіқарақшы» шоқжұлдызы туралы аңыз әңгімелер тауып келу. Кемшіліктерін анықтаймын, түзетемін, бағалаймын. (5 мин)



Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І Қызығушылығын ояту

«Шоқжұлдыздар» туралы бейнебаян көрсетемін. (3мин)

Тақырыпты анықтаймын. Күн тәртібін жазғызамын. (1 мин)



Оқушылар бейнебаян не туралы екенін айтып береді. Сабақтың тақырыбын анықтайды.

ІІ Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс. (3 мин)

Шоқжұлдыз-созвездие

Жорамалдаған –предполагать

Мәңгілік өзгермейді-никогда не умрет

Ілім –учение

Дәлелдеу- доказать

Дөңгелек-круглый; колесо

Ғылымды дамыту-развивать науку



2. Мәтінмен жұмыс. «Үнсіз оқу» стратегиясы.

3-тапсырма. (2 мин)

Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар.Көп уақытқа дейін халық «жұлдыздар орнынан қозғалмайды» деп жорамалдаған......
1-жұлдыздың тапсырмасы. (1 мин)

«АУДАРМАСЫН ТАП»

Мәтінде кездескен сөздердің аудармасын тауып жазу керек.

ӘР ДҰРЫС ЖАУАПҚА 1 ҰПАЙ

Жұлдыз –

Аспан –

Ғалым –

Дүрбі –

Құдай -
2-жұлдыздың тапсырмасы. (1 мин)

Сөздерді сөз құрамына талдау

1-топ «Заманнан, Жұлдыздардың»

2-топ «Шоқжұлдыздарға, ғалымды»

Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызша.


3-жұлдыздың тапсырмасы. (5 мин)

Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма.

Берілген етістіктердің түбірін анықтап, болымсыз етістікке айналдырып, дәптерге жазып аламыз.



1-топ. «Бөлген, ойлаған, зерттеген, ашқан, дәлелдеген»

2-топ. «Қозғалған, жорамалдаған, айтқан, өзгерген,анықтаған»


Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Оқиды, түсінеді.

Түсініксіз сөздерді табады.
Оқушылар сөздердің аудармасын тауып жазуы керек. Дұрыстығына байланысты жұлдыз алады.

Сөздердің түбір, қосымшасын ажыратып айтады.


Берілген етістіктердің түбірін табады, болымсыз етістікке айналдырады, дәптерге жазады.

4-жұлдыздың тапсырмасы. (2 мин)

«Сұрақ-жауап» ойыны.Әр топқа 3 сұрақ»

1-топ


  1. Аспанда неше шоқжұлдыз бар?

  2. Қазақстанда жұлдыздарды қандай институт зерттейді?

  3. Қай неміс ғалымы аспан әлемін зерттеген?

2-топ

  1. Неміс ғалымы Бессель неше жұлдыздың орнын тапқан?

  2. «Жұлдыздар-Күн сияқты аспан денелері» деп кім айтқан?

  3. Жердің дөңгелек екенін қай ғалым айтқан?


5-жұлдыздың тапсырмасы. (2 мин)

Жеке жұмыс «Семантикалық карта»

Септіктер

Сөздер

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

Аспанға






















Заман






















Ілімнің






















Күнмен






















Денені






















Ғалымнан






















Жұлдызда























Сұрақтарға ауызша жауап береді



ІІІ Ой толғаныс

6-жұлдыздың тапсырмасы. (3 мин)

«Шашылған сөздер» ойыныны ойнатамын. Әр топ 3 сөйлемнен ауызша айтып беруі тиіс.




Шоқжұлдыз жорамалдаған қозғалмайды

мәңгілік өзгермейді ілім дәлелдеген дөңгелек ғылымды дамыту






Ойын шартын орындайды. Сөйлемдер құрастырып айтады

ІV Бекіту

7-жұлдыздың тапсырмасы. (3 мин) Сөзжұмбақ шешу

Дұрыс жауапқа 1 ұпай


Барлық тапсырмалар біткенде «Жетіқарақшы» шоқжұлдызын жапсыру.


Сөзжұмбақты шешеді

V Бағалау

Формативті бағалау. (2 мин)

Топтық бағалау

18 жұлдыз жинау керек
ЖЕКЕ БАҒАЛАУ

16 ұпай жинаған оқушыларқа қошемет білдіреміз





VІ Үйге тапсырма

Оқулықтағы 57- бет 6-тапсырма. (1 мин)




VІІ Рефлексия

«Жағымды сөздер » тәсілі бойынша сабақтың қалай өткенін анықтаймын. (4 мин)

Сабақ барысында айтылған жағымды сөздерді желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет