“МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
МӘНЖАЗБА Тақырыбы: Медико-биологиялық ақпаратты алу,тіркеудің және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі. Түрлендіргіштер мен электродтар
1.Активті датчиктер
2.Пассивті датчиктер
Ақтөбе 2023ж Қазіргі заман – ғылыми техникалық прогрестің дамып, шарықтаған заманы. Адамзат биология әлемінде сан қилы жұмбақ құбылыстардың қыр-сырын ашып, неше түрлі реакцияларды, процестерді, ауытқуларды зерттеп,оларды өздерінің бақылауына алуда.Көптеген ғалымдар, оқымыстылар түрлі тәжірибелерді іске асырып, өз еңбектерін жарыққа шығара отырып, өздерін әлемге танытқандарымен қоса медицина саласына да орасан зор пайдаларын тигізген.Сондай атақты ғалымдардың теорияларын пайдалана отырып,әрине техниканың да көмегімен біз медико-биологиялық ақпаратты ала аламыз. Және де осы аталған жетістікке жету жолында нәтижелілігіне, нақтылығына, ыңғайлы түрде көркемделуіне жауап беретін, сонымен қатар өзі де бір жағынан сол ерең еңбектің нәтижесі, жемісі болып табылатын адамзаттың айнымас негізгі көмекшілері – бұл әр-түрлі аппараттар мен құралдар, яғни бір сөзбен айтқанда техника болып табылады. Ал бұл көмекшілердің берген көмегі жоғары нәтижелі болудың басты алғышарты – алынған ақпаратты өндеп, жеткізу әдістерін толық түрде меңгеру.
Медициналық аппараттар мен құралдардың негізгі топтары.Медициналық электронды аппаратураны 2классқа бөлуге болады:медициналық құрал-жабдықтар және медициналық аппаратуралар. Медициналық құрал-жабдықтар дегеніміз-диагностикалық және емдеу мақсатындағы өлшейтін техникалық жабдықтар (медициналық термометр,электрокардиограф).Медициналық аппараттар-энергетикалық әсер етуші техникалық құралдар.Медициналық құралдар мен аппараттардың медико-биологиялық мақсатта қолданылатын бірнеше түрін ерекше атап өтуге болады:-медико-биологиялық ақпараттарды алатын және тіркейтін құралдар. Осы құралдардың көбісі өзінің сызба кестесінде электрлік сигналдарды күшейтетін күшейткіштерден құралады.-ағзаның әр түрлі физикалық факторларына емдеу мақсатында әсер ететін құрылғы.Физикалық көз қарастар бойынша бұл құрылғы әртүрлі электрлік сигналдардың генераторы болып табылады.-кибернетикалық электронды құрылғы.Медицинада қолданылатын құралдар мен ақпараттардың негізін медициналық электроника құрайды. Электроника-өткізгіштерге және жартылай өткізгіштерде өтетін электрлік құбылыстар туралы ілім. Медициналық электроникаға электрондық құралдарды, аппараттарды және жүйелерді жасау және оларды медицинада қолдану мәселелері кіреді. Электрондық құралдардың жұмыс принципі электр зарядтарының вакуумда, газда немесе қатты денелердегі қозғалысына негізделген.Электрондық құралдардың көмегімен энергияны бір түрден екінші түрге түрлендіруге болады. Мысалы жарық сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыруға; жылдамдық температура және қысым сияқты электрлік емес шамаларды электр сигналдарына түрлендіруге болады.Медициналық электрондық техника медико-биологиялық ақпаратты алуға тіркеуге және таратуға қолданумен қатар адам ағзасына әсер ету үшін де (физиотерапияда және электрохирургияда) кеңінен қолданылады.Медициналық электрондық аппараттардың дамуының басты бағыты-күрделі жүйе түрінде қарастыру,блоктары мен бөлшектерін стандарттау, көлемін кішірейту тұтынатын электр энергиясын аазайту, беріктігін арттыру және басқару жүйесін қарапайым ету.Қолдану бағытына байланысты электрондық-медициналық аппараттарды шартты түрде мынандай үш топқа бөлуге болады: функционалды диагностика, емдеу мақсатында адам ағзасына әсер ету (физиотерапия және электрохирургия), электрондық-есептеуіш машиналар жүйесі.Функционалды диагностикада әдістер үш топқа бөлінеді: а)ағзаның биопотенциалдарын тіркеу (электрография); б) электрлік емес шамаларды тіркеу (фонокардиография, баллистокардиография, сфигмография, реография, және т.б); в) эндо-және радиотелеметрия (адам ағзасының функциясын кашыктан бақылау).Электротерапия және электрохирургия адам ағзасына электрлік факторлармен әсер етіп емдеу мақсатында қолданылады. Бұл топта тұрақты және айнымалы токтар, тұрақты электр және магнит өрістері қолданылады.Электрондық есептеуіш машинаны қолдану аясы аса кең. Ол мәселені қарастыру медициналық биофизиканын шеңберінен бөлек, информатика пәнінің еншісі болады.Адам ағзасында өтетін және өлшеуге болатын параметрлерді екі топқа бөлуге болады: тікелей өлшеуге болатын парметрлер және тікелей өлшеуге болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын параметрлер.Тікелей өлшеуге болатын параметрлерге жүрек бұлшық еттерінің жиырылуы, температура, биоэлектрлік потенциалдар жатады. Тікелей өлшеуге болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын параметрлерге мыналарды жатқызуға болады: адам денесінің бір учаскесінің электрлік кедергісін анықтау арқылы сол учаскенің қанмен қамтамасыз ету шамасын анықтауға болады; тіндердің жарықты жұту шамасы сол ағзаның көлемі туралы ақпарат береді және т.с.с көптеген әдістер бар.Медициналық-биологиялық ақпаратты алуға арналған құралдар электродтар мен датчиктер болып екі топқа бөлінеді. Электродтар адам ағзасында пайда болған биопотенциалдарды алу үшін, ал датчиктер адам ағзасында өтетін электрлік сигналдарына түрлендіру үшін қолданылады.Медико-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі.Медико-биологиялық ақпараттарды алу және тіркеу үшін медициналық құрылғылардың бірнеше түрлерін қолдану қажет. Медико-биологиялық ақпараттарды алуда қолданылатын электродтар.Медико-биологиялық ақпарат алудың құрылымдық сызба кестесінің ең бірінші элементі болып электродтар саналады.Электродтар деп электр тізбегінің бір нүктесін сол тізбектің екінші нүктесімен қосуға арналған арнайы пішінді өткізгішті айтады. Электрофизиологиялық зерттеулерді өткізуінің кезінде электродтарды электір сигналдарды қабылдау үшін қолданылады.Электродтар тез фиксироваться етіліп, тез шешілуі қажет және берік болып,тітіркендірмеуі керек.Электродтарға қойылатын талаптар:олар потенциалдарды әрқашан өзгертпеу керек,тітіркіндірмеу керек,олар потенциалдарды қабылдаған кезде ешқандай артефакттар өз әсерін тигізбеу керек,олардың механикалық қабілеті өте берік болу керек, бірақ эластикалық қасиеттері сақталу керек,дайындау технологиясы жоғары деңгейде болу керк және олар үнемді болу керек.Тағайындалуына сәйкес төрт топ электродтарды ажыратады: функционалды диагностика кабинеттердегі бір рет қолдану үшін арналған электродтар;реанимация, интенсивті терапия палаталары үшін арналған биоэлектір сигналдарын үзіліссіз қабылдайтын электродтар.Спорт медицинасында және қалпына келу палаталарында қолданылатын динамикалық үзіліссіз түрінде биосигналдарды қабылдайтын электродтар.Жедел жәрдем көмек көрсету жағдайында қолданылатын электродтар.Сыртқы электродтарға қойылатын жалпы талап – электрод-тері көшпелі қарсыласудың азайтуы. Бұл қарсыласудың мәңі электродтың материалынан, терінің қасиеттерінен, оның электродпен әрекеттесетін ауданынан және электрод пен тері арасындағы қатынасқа түсетін қабаттын қасиеттерінен тәуелді.Биоэлектрлік потенциалдарды алынатын мүшесіне байланысты электродтарды түрліше айтады. Мысалы, ЭКГ (электрокардиография)-жүрек потенциалдарын зерттеу ЭЭГ (электроэнцефалограф)-мидың биопотенциалын зерттеу, ЭМГ (электромиография)-жүйке бағанасы мен бұлшық еттердің биопотенциалдарын зерттеу және т.б әдістер бар. Сонымен қатар электродтар адам ағзасына электр сигналдарымен әсер ету үшін де қолданылады. Мысалы: кардиостимулятор-жүректің функционалдық мүмкіншілігін арттыру үшін және адам ағзасына арнайы пішінді электр сигналдарын енгізіп, шығыс жолында сол сигналдың пішінінің өзгеруін диагностикада қолдануға болады.Қорыты айтқанда, электродтар медицинада мынандай үш бағытта қолданылады:а) адам ағзасындағы биопотенциалдарды тіркеп, оны диагностикада қолдану;ә) адам ағзасына үздікті электр сигналдарымен әсер ету. Сол арқылы жүйенің функционалдық қабілетін арттыру (электростимуляция);б)адам ағзасына түрліше пішінді сигналдармен әсер етіп, олардың өзгерісін диагностикада қолдану (электродиагностика).Адам ағзасынағы пайда болатын биопотенциалдар өте әлсіз болады. Сондықтан да оларды диагностика қолдану мақсатына жеткізу үшін күшейткіштер қолданылады.Сигналдарды күшейткенде күшейткіштің биологиялық жүйенің сыртқы кедергісі мен ара қатынасын ескеру керек.Егер күшейткіштің кірісіндегі ішкі кедергімен сыртқы кедергі тең болса, онда күшейтілген сигналдың максималды қуаты күшейткіштің кірісінде төмендейді.