Маркшейдерлік іс және Геодезия кафедрасы


Өнімнің сапасын жалпы жəне кешенді басқару



бет5/11
Дата31.01.2023
өлшемі326,43 Kb.
#166965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лес Гулайна экономика курсавой

1.3 Өнімнің сапасын жалпы жəне кешенді басқару

Кешенді жəне жалпы сапа басқару. Кез келген өнім шыққан уақытынан бастап пайдаланылып біткен соңғы уақытына дейін мынадай этаптарды құрайды. Ол ISO 9004 сериясы бойынша жасалынған. Сапа жөніндегі саясаттың формасы ретінде: сапа жүйесі, сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару, сапаны жақсарту болып табылады. Олар мынадай элементтерден құралған:



  1. Маркетинг, нарықты меңгеру;

  2. Техникалық ережелерді жасау жəне жоспарлау, өнімді жасап шығару;

  3. Материалды техникалық үнемдеу;

  4. Өндірістік процестерді жасау жəне дайындау;

  5. Өндіріс;

  6. Сынақтарды өткізу жəне бақылау;

  7. Орау(упаковка) жəне сақтау;

  8. Өндірісті жіктеу жəне тарату, талдау;

  9. Монтаждау;

  10. Техникалық көмек жəне онымен қамтамасыз ету;

  11. 11.Өнімнің пайдаланылып бітуі.

Сапаны қамтамасыз ету - іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жəне жоспарлау жөніндегі сала, бұл жерде өнімнің сапасы белгілі бір талаптарға сай болуы керек.
Сапа басқару – сапаға қойылған талаптарға сай əдістер жəне іс-əрекеттер.
Сапаны жақсарту – өнімнің техникалық деңгейін жүйелі түрде жоғарылатудағы бағыт.
Сапа жүйесі - өнімнің сапасын кешенді дамыту бағытындағы ресурстар, процедуралар жəне т.б. құрылымдары туралы ұйымдасқан топтар.
Өнім сапаның кешенді басқару жүйесіне:
-жаңа өнімді жасау процесін бақылау, өнімге жеке түрде баға беру, кез келген материалдардың сапасын бағалау, бақылау;
-дайын өнімдерді бақылау;
-процестерді талдау(сапа саласындағы арнайы зерттеулер);
-өнімнің сапасы жөнінде ақпараттарды пайдалану;
жеке жұмысшылардың біліктілігін көтеру жəне сапаны қамтамасыздандырудағы əдістерді оқып-үйрену;
-өнімнің сапасына байланысты жұмыстарды басшылыққа алу.
1.4 Өнім сапасына əсер ететін факторлар


Жалпы өнімнің бəсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар əсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы жəне ішкі. Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бəсеке жəне монополистік қызметті шектеу туралы" заңын айтуымызға болады. Бұл заңның мақсаттары: Еркін бəсекені, кəсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау жəне тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Заңды түрде кəсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю жəне реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді жəне құқықтық шараларын анықтайды. Бəсекелік қабілет мемлекеттік қолдау тарапынан емес емес, бəсекелестермен қатаң күресте жетілетіні баршамызға мəлім. Өнімнің бəсекелік қабілетін басқару жүйесінде оның бағалануының маңызы зор. Тауардың бəсекелік қабілетін зерттеу əдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда. Өнімнің бəсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен түрлеріне байланысты анықталады: егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы; егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу болашағын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мəліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек. Айта кететін жағдай, бəсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында бəсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сəйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бəсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-əрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бəсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді: тауарды өткізу нарығын таңдау жəне талдау; ұқсас тауарларды өндіретін жəне өткізетін бəсекелестерді зерделеу; салыстыру бағасы ретінде бəсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу; бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау; өнімдердің сəйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу; тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау; анықтау жəне талдау əдістемелерін таңдау; кəсіпорын тауарларының бəсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу; тауар өңдеуге қатысты кəсіпорынның тауар саясатын əзірлеу.
Кез келген кəсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал етеді. Сонымен қатар олар дəстүрлі түрде ішкі жəне сыртқы факторлар болып бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түріне де кесте арқылы беретін болсақ, ол мынадай болып келеді.

Кесте 2 – Өнім сапасына əсер ететін факторлар






Ішкі

Сырқы




Ішкі факторларға кəсіпорынның тиесілі сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады.
Олар түрлі болып келеді.

Сырқы факторлар нарық қатынасы кезінде өнім сапасын қамтамасыз етуге үлкен əсерін тиігізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып
отырады.

1

Техникалық. Өнім сапасына тікелей əсер етеді. Яғни, жаңа техника мен технологияларды енгізу, жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану бəсекеге қабілетті өнім шығарудың негізі болып табылады.

Нарық жəне тұтынушылар талаптары

2

Ұйымдастырушылық. Еңбек жəне өндірісті ұйымдастыру, өнім мен оның сапасына деген тəртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкерлердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау жəне т.б. ұйымдастырушылық қызметтер мен тығыз байланысты болып келеді.

Бəсекелестік

3

Экономикалық. Өнім шығару мен оны іске асыру шығындарымен, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету шығындарымен баға жасау, сапалы өнім өндірісімен қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде таныстыру.

Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар

4

Əлеуметтік-психологиялық. Ұжымдағы əлеуметтік - психологиялық орталық болуы, ыңғайлы жұмыс орындары қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.

Кəсіпорын имиджі

Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ, кəсіпорын өндірісіндегі кейбір мəселелерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін анықтау қиынға түседі, себебі олар бірін-бірі толықтырып отырады да, өнімнің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, бəсекелестік факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қосылуын қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дəнекер де болады. Бəсекелестік экологиялық тұрғыдан екі кəсіпорын арасындағы бақталастықты білдіреді. Сол себептен барлық оңтайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бəсекелестіктің түрлері көп. Олар сала аралық жəне ішкі салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық жəне бағалық емес болып бөлінеді.
Сонымен қатар өнімнің сапасына ықпал етуші факторлардың бірі болып стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ғылыми техикалық өркендеуді жылдамдатушылардың бірі болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативтік құжат стандарт деп аталады. Стандарт стандарттау нысанының ерекшеліктеріне жəне оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:
-негізгі стандарттар;
-өнім мен қызмет көрсету стандарттары;
-үрдіс стандарттары;
-бақылау əдістерінің стандарттары.
Стандарттау көлеміне қарай олар келесілерге бөлінеді:
-Ұлттық. Бұл елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған стандарт.
-Аймақтық. Стандарттау бойынша халықаралық аймақтық органмен қабылданған стандарт.
-Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған стандарт.
-Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ISO) қабылданған стандарт



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет