Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері



Дата08.02.2022
өлшемі19,74 Kb.
#117479
Байланысты:
түсінік хат 11 сынып




Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;

  2. білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 -сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;

11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 10 бөлімнен тұрады:
11-сынып «Физика» оқу пәнінің базалық мазмұны: механикалық тербелістер; гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері; электромагниттік тербелістер; еркін және мәжбүрлі электромагниттік тербелістер; механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықтар; айнымалы ток; электромагниттік толқындар, оптика; салыстырмалылық теориясының элементтері; Атомдық және кванттық физика; нанотехнологиялар мен наноматериалдар; космология.
Зертханалық жұмыс № 1. Трансформатор орамаларындағы орамдардың санын анықтау.
Зертханалық жұмыс № 2. Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау.
Зертханалық жұмыс № 3. Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау.
Зертханалық жұмыс № 4. Жарық интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау.
Зертханалық жұмыс № 5. Шынының сыну көрсеткішін анықтау.
Зертханалық жұмыс № 6. Сәуле шығарудың тұтас және сызықты спектрлерін бақылау.
Зертханалық жұмыс № 7. Зарядталған бөлшектердің тректерін дайын фотосуреттер бойынша зерттеу.
11-сыныпта ЖМБ 7 зертханалық және 6 практикалық жұмыс жүргізу қарастырылған. Физика бойынша 10-11-сыныптарда зертханалық және практикалық жұмыстардың саны Оқу мақсаты мен 2 сағаттық апталық жүктеме аясында оқылатын тақырыптарға байланысты азаяды.







Пәні



Тілі



сынып

Барлық БЖБ

ТЖБ балдары

1тоқ

2 тоқ

3 тоқ

4 тоқ

1 тоқ

2 тоқ

3 тоқ

4 тоқ




Физика

Каз

11

1

3

3

1

30

30

30

30


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет