Мақсаты: Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, генерал Сабыр Рахымовтың Отан үшін сіңірген ерлігі туралы пікір алмасу. Жүргізуші



Дата23.08.2024
өлшемі16,24 Kb.
#203738
Байланысты:
Дара тұлға, дана тұлға -Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов тақырыбында-дөңгелек үстел


Мақсаты: Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов туралы
жан – жақты түсінік бере отырып, генерал Сабыр Рахымовтың Отан үшін сіңірген ерлігі туралы пікір алмасу.
Жүргізуші: Құрметті «дөңгелек үстелге»қатысушы қонақтар, ұстаздар, ұландар. 11 ақпан генерал Сабыр Рахымовтың 115 жыл туылған күнін атап өткеніміз бар. Біз де өз тарапымыздан үлес қосудамыз.
С. Рахымов туралы  мәлімет оқу.
Биыл Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал С.Рахымовтың дүниеге келгеніне -115 жыл толды.
Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Генрал-майор Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының етегінде Көкбелді ауылында туылған. Сабыр 5-6 жасар кезінде Омарқұл қайтыс болған соң,шешесі Бахрайым және қарындасы үшеуі Ташкент қаласының Пақтапұл деген ауылына көшіп барады. Онда Бахрайымның туған ағасы дирменші Рахымның қолында болады. Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында «Рахымов» болып жазылып кеткен. Сабыр 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып оны үздік бітіреді.С.Рахымов мектептен соң,атты әскер взводына эскадрон командирі болып,Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді.
Осыған байланысты ол 1927 жылы Қызыл ту орденімен, 1930 ж.Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады.
1932-33ж.партия жұмысын ұйымдастырушы,1933 жылдан бастап әскери өмірде үнемі жоғарылап отырған.
Репрессия жылдарында 1937 жылы С.Рахымов 19 ай тұтқынға алынған.
1941 жылы С.Рахымов 43-армияның құрамында соғысқа кіреді.
1941жылы қазан айында 56-армияның 353 дивизясына қарасты 1149-атқыштар полкінің командирі болып тағайындалды. Бұл кезде әскери шені майор болған.
1942 жылы дивизия жаңадан толықтырылып, С.Рахымов 353 атқыштар дивизиясының командирі міндетін атқарды. Сол жылы полковник шеніне ие болады.
1943 жылы С.Рахымовқа генерал-майор шені берілді.
1943 жылы мамыр айында Москвадағы бас штаб Академиясына оқуға шақырылады.
1945 жылдың 25-науырызында Гданьск қаласының маңында жаумен шайқас кезінде генерал-майор С.Рахымов ерлікпен қаза тапты.
1965 жылы 6 мамырда КСРО жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін С.Рахымов туралы ғылыми зерттеу жұмысын айналысып жүрген ұланымыз Тұрсынбек Даниярға береміз.
*****************************************************************
Жүргізуші: Тұңғыш генералдың өмір баянына саяхат жасайық
1. Сабыр Өзбекстанға неше жасында кетті? (5-7 жас аралығы) Не себеппен? (әкесі қайтыс болу себебімен, анасы төркініне алып кетті)
2. Сабырдың тегі не себепті өзгертілді ? ( нағашысы өзінің тегін берді)
3. Сабыр қай жерде білім алды? (Өзбекстанда )
4.Кішкентай Сабырды нағашысы балалар үйіне кандай себеппен өткізді?
(жағдай төмен болғаннан кейін мәжбүр болды)
5. Жоғары білімді кай қалада оқыды? (Баку әскери училищесі )
6. Сабырдың әскери өмірі кай жылы басталды? (шамамен 1927 ж)
7. Тұңғыш генералдың ерлік жолы қалай басталды? ( 1935-1945 )
Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелімізге Сабыр аталарыңа арнаған өлеңдерің болса, қане, тыңдап көрейік.
1. 2 рота 2 взвод Уәкіл Самұрат
2. 4 рота 2 взвод ұланы Аспандияр Дулат
3. Абдулла Ерсұңқар
4. 3 рота 2 взвод Мәжит Дидар
5. Теңізбаев Дегерез
6. 3рота 3 взвод Сұлтанов Нұрсұлтан
Жүргізуші: Сұрақ-жауап кәрзеңкесі
1. «Темір генерал» атағын кім берді және генерал-майор шенін қай жылы берілді?
2. С.Рахымов 1943 жылы қай оқуға шақырылды және сол кезде оған кімдер мінездеме берген?
3. Сабыр атамызға қоладан жасалған аттың мүсінін кім сыйлады?
4. Репрессия жылдарында С.Рахымовты не себептен қамауға алады?
5. С.Рахымов қай жылы қандай ордендермен марапатталды?
6. С.Рахымовтың қазақ екенін кім зерттеп,дәлелдеді.?
Жүргізуші: "Дара тұлға, дана тұлға - Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов" тақырыбында өткен бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Қорытындылай келе, осы дөңгелек үстелге қатысып, үлестерін қосқан ұландарымызға алғыс білдіре отырып, сендерге тілейтініміз Сабыр аталарың сияқты патриоттық рухтарың биік болып, әрқашан биік щыңдардан көрініп, Қазақ елінің намысын қорғай беріңдер!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет