Мақсаты Білімділік: Асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін, маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру



Дата17.02.2017
өлшемі20,39 Kb.
#9731
  • Мақсаты
  • Білімділік:
  • Асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін, маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру.
  • Дамытушылық:
  • Оқушылардың білімді өздігінен меңгеру, кітаппен жұмыс істеу, өз беттерімен талдау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға санитарлық, гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.
  • Ұйымдастыру: - Қайырлы таң, оқушылар!
  • Сабақтың бағалау критериімен таныстырып, парақшалар тарату.
  • «5» 5-6 ұпай
  • «4» 4 ұпай
  • «3» 3 ұпай
  •  
  • Сабақтың жоспары
  • Үй тапсырмасы
  • Жаңа сабақ
  • Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі
  • Сәйкестендіру кестесі
  • Жаңа сабақты бекіту
  • Оқушының білімі
  • Оқушы
  • аты-жөні
  • Білу
  • Түсіну
  • Қолдану
  • Талдау
  • Жинақтау
  • Бағалау
  •  
  •  
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Білу. Алған білімді еске түсіру. 7 мин
  • 1) « Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасын орындау
  • 1. Қоректік заттар дегеніміз не? 2. Ферменттер деген не? 3. Тамақ өнімдері деген не? 4. Адам организміндегі нәруыздың тәуліктік мөлшері
  • 5. Көмірсулар қандай қызмет атқарады? 6. Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? 7. Витаминдер не үшін қажет? 8. Ұлттық тағамдар мен сусындарды ата
  • 9. Адам ағзасына тәулігіне қажетті су мөлшері?

 Бір таудың алпыс екі саласы бар,  Он екі жанында қаласы бар.  Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,  Барлығын билеп тұрған анасы бар.

  •  Бір таудың алпыс екі саласы бар,  Он екі жанында қаласы бар.  Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,  Барлығын билеп тұрған анасы бар.
  •   

 Бір таудың алпыс екі саласы бар,  Он екі жанында қаласы бар.  Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,  Барлығын билеп тұрған анасы бар.

  •  Бір таудың алпыс екі саласы бар,  Он екі жанында қаласы бар.  Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,  Барлығын билеп тұрған анасы бар.
  •   
  • (адамның 62 тамыры 12 мүшесі)
  • 2 Түсіну.Асқорыту мүшелері құрылысының сызбанұсқасы

Бауыр, асқазан, ұйқыбезінің орналасуы

  • 1 – бауыр;
  • 2 – өңеш;
  • 3 – асқазан (қарын);
  • 4 – ұйқы безі;
  • 5 – ұйқы безінің өзегі;
  • 6 – ұлтабар (он екі елі ішек);
  • 7 – өт қабының өзегі;
  • 8 – өтқабы

Тоқ ішектің ағзада орналасуы:

  • 1 – тоқ ішек;
  • 2 – кесілген аш ішек;
  • 3 – тоқ ішектің басталған бөлімі;
  • 4– соқыр ішек;
  • 5 – тік ішек;
  • 6 – артқы (аналь) тесік
  • Тоқ ішек
  • Ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек.
  • 3 Қолдану: Суреттер арқылы оқушылар түсіндіреді. 10 мин
  • Ауыз қуысы
  • Ауыз қуысы - ерін, ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.
  • Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
  • Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады. Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.
  • Жұтқыншақ
  • Түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.
  •  
  • Өңеш
  • Ұзындығы 25 см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпителиймен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).
  • Асқазан (қарын)
  • Іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағы аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина тәрізді, сыртқысы ұзынан орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.
  • Аш ішек
  • Ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.
  • Ұйқы безі және бауыр
  • Ұйқы безі – ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Салмағы 60-80 г.
  • Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі – өт бөліп шығару. Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың астыңғы бетінде орналасқан.
  • Асқорыту жолы
  • Ас қорыту бездері
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар. Асқорыту жүйесі.
  • Асқорыту жолы
  • Асқорыту бездері
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 4 Талдау “Нақты сандар” сөйлейді
  • 2-2,5 л
  • 80-90 г
  • 100 г
  • 60-65%
  • 5-6 м
  • 2-3 л
  • 4-11 сағат
  • 1500 г.
  • 11-13 см
  • Бауыр а) қорытылмаған заттар
  • өтеді.
  • 2. Соқырішек ә) астың сіңуі өтеді
  • 3. Ұлтабар б) ең үлкен без
  • Аш ішек в) құрт тәрізді өсінді
  • 5. Тоқ ішек г) жұтқыншақтан кейін
  • орналасқан мүше
  • 6. Өңеш д) аш ішектің жуан бөлімі
  • Сәйкестендіру кестесі
  • 5 Бекіту. Тест жұмысы 1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы А) 3 - 5 м Ә) 8 - 10 м Б) 15 - 18 м 2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан? А) жұмсақ таңдайда Ә) ұрттың сілекейлі қабығында Б) тілде 3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? А) Ауыз қуысында Ә) жұтқыншақта Б) өңеште
  • 4. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? А) аш ішек Ә) тоқ ішек Б) ұлтабар 5. Тоқ ішектің бөлімдері А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек Ә) соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек 6. Аш ішек бөлімдері А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек
  • 1 Ә .2 Б.3 Ә.4А.5 Б.6 Ә
  • 6. Бағалау . Оқушылар өз бағаларын парақшаға қояды. 2 мин
  • 7. Үйге тапсырма . Асқорыту мүшелерінің құрылысы, ас туралы 5 мақал - мәтел жазу. 1мин
  •  
  • Сабақтың жоспары
  • Үй тапсырмасы
  • Жаңа сабақ
  • Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі
  • Сәйкестендіру кестесі
  • Жаңа сабақты бекіту
  • Оқушының білімі
  • Оқушы
  • аты-жөні
  • Білу
  • Түсіну
  • Қолдану
  • Талдау
  • Жинақтау
  • Бағалау
  •  
  •  
  • 7 Рефлексия 1мин
  • Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық
  • Әдептен біз озбайықшы,озбайық!
  • Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,
  • 2030-ға Сыйлық етіп жолдайық
  • Үй тапсырмасы:
  • Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
  • Назарларыңызға
  • рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет