8-оқушы:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын.
Кесір сумен санаңды сен улама,
Көкірек қапқан көк түтінге жолама.
Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.
Саулық керек, өмір керек адамға.
9-оқушы:
Ей, адамзат!
Өмір керек саған да, маған, оған да,
Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның
Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!
10-оқушы:
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір са тын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Хормен: Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!
Сонымен оқушылар қорыта айтатын болсақ, денсаулық- зор байлық.Дені сау адам өмірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
«№ 1 мектеп-гимназия»КММ
Тақырыбы:
«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!»
(сыныптан тыс шара)
Орындаған:Шонкина А.Қ.
Өткізген:6 в сынып
Шалқар-2015ж
Достарыңызбен бөлісу: |