Мақсаты: Лекция соңында білу ге тиіс: Үшкіл нерв невралгиясын ажырата білу керек; -берілген ауру мәліметтері бойынша ажыратпалы диагноз жүргізе білу және басқа аурулардан ерекшелігін білу; -үшкіл нерв невралгиясын анықтау және жорамалдау


Емі. Емдеу әдістері консервативті және хирургиялық болып бөлінеді



бет5/7
Дата11.02.2023
өлшемі201,68 Kb.
#168326
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
невралгия аурулары

Емі. Емдеу әдістері консервативті және хирургиялық болып бөлінеді.
1. Дәрілер арқылы емдеу тәсілдерінде тырысуға қарсы (финлепсин, тегретол, стазепин), антидепресанттар, седативті препараттар, ми қан айналымын күшейтетін, спазмалитиктер, қан тамырларын ұлғайтатын, никотин қышқылы, алоэ т. б. дәрілер қолданылады.
2. Физикалық тәсілдер: Дарсонвализация, Бернар тогі, электрофорез, иглорефлексотерапия.
Консервативтік тәсілдер нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық тәсілдер қолданылады.
1. 0,5—1% новокаин немесе тримикаин ерітінділерін нерв шығатын тесіктерге жеткізу арқылы инъекциялық емдеу. Ол үшін 5 мл ерітінді жетісіне 2—3 рет, курсына 15—20 инъекция жасау.
2. Гемоновокаин блокадасын Жасау. Ол үшін гепаринделген 20 мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0,5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5— 10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.
3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған нервті шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте нервтің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер нерв өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайталанады.
4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95—100° суды үшкүл нервтің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.
5. Қазіргі кезде нерв шығатын сүйек тесіктерін кеңейту операциясы кеңінен қолданылып келеді. Ал нерв бағанын кесу операциясын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.

Қашан емдеу керек?

  • Диагнозды анықтағаннан кейін бірден емдеу керек.

нені емдеу керек?

  • оң динамика болмағанда;
  • процестің жоғары белсенділігінде.

Немен емдеу керек?

  • Консервативті ем
  • Хирургиялық ем


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет