Алтын күз
Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімін кеңейте
түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз
байлықтарын, астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін
толықтыру, еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
І. Күз мезгілі туралы әңгімелесу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Күз айларын кім айтады? т.б.
-Ендеше , кезекті күз айларына берейік.
Қыркүйек айы: Аманғали
Менің қазақша атым «қыркүйек», күздің бірінші айымын. Ал балалар, ментлы не білесіңдер?
Оқушылар хормен: І - қыркүйек - жаңа оқу жылының басы, Білім күні!
«Мектебіміз үйретеді» әні хормен орындалады.
Ерасыл:
Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде
Жүзбек боп білім теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын заңның арқасы
Нұрхат:
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шытырлап
Тамшы жерге секірді
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалжырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап
Аңсар:
Күзім - ау, күзім - ау!
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау
Бау - бақша тосады
Тосады достарым
Дастархан толған дәм
Жайдары аспаным
Данияр:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Қазан айы: Ақбота
Менің атым «Қазан». Күзгі жиын - терімнің соңғы айымын. Еңбектер елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Мұғалімдер күні
«Ұстазым»әні орындалады
Қараша айы: Аяжан
- Менің қазақша атым Қараша. Күздің соңғы айымын. Менде қандай ерекшелік бар?
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
«Еңбекшіл осындай» әні орындалады
Хормен: Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мереке күз
Күз айлары: Ақбота
- Ал балалар, сендер біз туралы, біздегі мерекелі күндер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ендігі кезекті күз байлықтарына береміз.
3сынып оқушылары.
Егін - жеміс, алма, өрік, шие, жүзім, қауын, қызанақ суреттерін қолдарына ұстаған оқушылар ортаға шығып, жаттаған өлең жұмбақтарын айтып береді.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ой да қыр да таудың ішін
Бір молшылық жатқан шалқып
Ал балалар кім біледі
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?
Жеміс: Ерасыл
«Алтын күз» деп Біз айтамыз сол үшін де
Сары алтындай сары қауын көп піскен соң бақ ішінде
Жапырақ: Данияр
Жаңа піскен алма баққа, көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай, жапырақты қайың талға
Мұны көріп күзді қалай, теңемейсің сары алтынға
Егін: Бауыржан
Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адым, әрбір жота
Алтын жайып тастағандай
Хормен: «Ақбидай» әні орындалады.
-Өте жақсы , балалар, күз мезгілі жөнінде көптеген мағлұматтар алдық деп ойлаймын. Енді келесі кезекті 1-4сынып аралығында өткелі отырған сайысқа берейік.
Әділқазы алқаларын сайлау.
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру.
2.Табиғат ғажайыптары.
3.Күзгі сән.
4.Дәм-думан.
Әр топ кезең-кезеңмен өз өнерлерін ортаға салады.
Қорытындылау.
Әр кезең бойынша алған ұпайларын есептей келе анықталған жеңімпаз топты марапаттау.
Сұрақтар қою арқылы кешті қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |