Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер, флипчарт.
Көрнекіліктер:
Отандысүю – отбасынанбасталады.
Отансызадам, Ормансызбұлбұл.
Кісіеліндесұлтанболғанша, Өзеліңдеұлтан бол.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Мұғалім әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтын танысу тренингін ұсынамын.Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын ісімен-хоббиімен таныстырады.
2. Топқа бөлу (түрлі-түсті стикерлер арқылы). Қиық қағаздарға жазылған мақалдар үлестіріледі.
Оқушы әрекеті:
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.
2.Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді.Қиық қағаздарға жазылған сөздерден мақалдар құрастырады.
Қызығушылықты ояту
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау.
Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылғанқиық қағаздардан мақалдар құрастыруға тапсырма беру, оқыту.Мақалдардыңмағынасынталқылау, түсіндіру, балалардыңпікірлерінтыңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |