Мақсаты: Құрал-жабдықтар: бір апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран және тұздалған қияр, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, заттық шыны, жабын әйнегі, тамшуыр.
Жұмыс барысы. 1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушьқа араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тізілген моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
2. Тұздалған қияр суының бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы суға араластырыңдар. Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда, тармақталуға бейім таяқшалар көрінеді. Бұлар кейінірек шар тәрізді жасушаларға ажырап кетеді. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.