ІІ кезең - «Комплимент» екі топ бір біріне информатикаға қатысты сөздерден құралған комплимен айтады.
Мысалы:
Сіздің көзіңіз сұйықкристалды монитар сияқты жарқырап тұр.
Сіз білесіз бе, сіз Интернет сияқты бәрін білесіз!
Ойлануға 5 минут беріледі.
Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
ІІІ – кезең. «Анаграмма» - сөз құрау.
КОРАБЛЕСТРОИТЕЛЬНЫЙ ЗАВОД. – сөзінен информатикаға қатысты сөздер жиынын шығару.
ІV-кезең. «Адасқан әріптер» бөліміне де келіп жеттік. Адасқан әріптердің орнына әріп қойып сөз құрау.
І-топ ІІ-топ
Жүргізуші: Саналы ұрпақ санасын саралайтын,
Біліммен даналығын даралайтын,
Ғылымның сан-санасын оймен әрлеп,
Жаңалықты кең шалып бағалайтын – деп,
V-кезең. «Ребус» бөлімінде топ басшылар сайысын тамашалайық.
Алгоритм
Клавиатура
Монитор
Принтер
Жүргізуші: Жастарына сынға түсіп келген бүгін,
Ақылмен білімдерін теңдер бүгін.
Әділ-қазы алқасына сөз берейік,
Жеті өлшеп, әділдікпен бір кесетін.
Сөз кезегі әділ-қазылар алқасы өздеріңізде.
Жүргізуші: Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлемге жаңалығын тастайды.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуальды ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы аясындағы «Информатика әлемінде» брин-ринг сыныптан тыс шарасы
Дайындаған: Махмутова А.Б
Бейнеу, 2020
Достарыңызбен бөлісу: |