Машина адамның қара жұмысын немесе ой еңбегін алмастыру немесе



Дата03.07.2024
өлшемі13,42 Kb.
#203533
Байланысты:
Машина жасау


Глассарий

Машина - адамның қара жұмысын немесе ой еңбегін алмастыру немесе


жеңілдету үшін энергия, материалдар және ақпаратты өзгертуге механикалық
қозғалысты орындайтын тетік.
Механизм - бір немесе бірнеше денелердің қозғалыстарын басқа
денелердің керек озғалыстарына аударуға арналған денелер жүйесі.
Бөлім, буын (звено) - бір немесе өзара қатаң бекітілген бірнеше
бөлшектер.
Бөлшек - бір материалдан бөлек жасалған механизмнің бөлінбейтін
бөлшегі.
Кіру бөлімі (звеносы) - басқа звенолардың керек қозғалысына кейін
өзгерілетін қозғалыс берілетін бөлімі.
Шығу бөлімі (звеносы) - сол үшін механизм жасалған қозғалысты
атқаратын звеносы.
Кинематикалық жұп - өзара салыстырмалы қозғалыс жасай алатын екі
звеноның байланысы.
Механизмнің құрылым сұлбасы - механизмнің қарапайым графикалық
кескіні.
Кинематикалық сұлба - звенолардың салыстырмалы өлшемдері белгілі
бір масшабпен жасалған құрылым сұлбасы.
Құрылымдық сұлба - механизм бөлімдерінің негізгі пішіні мен
салыстырмалы өлшемдері сақталынып бір масштабта салынған механизмнің
кескіні, бұл кескін жиі аксонометрияда көрсетіледі.
Қондырғы - өңделетін дайындамаларды немесе жиналатын құрастыру
бірліктерін өзгертусіз бекіту кезінде орындалатын, технологиялық
операцияның бір бөлігі.
Позиция - операцияның белгілі бөліктерін анықтау үшін құралға
немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты айла бұйымға сәйкес
өңделетін дайындамаларды немесе жиналатын құрастыру бірліктерін
өзгертусіз бекіту кезінде алынатын белгіленген жағдай.
Технологиялық әрекет - бір уақытта жұмыс істеп тұрған бір немесе
бірнеше құралдармен өзгертусіз немесе білдек жұмысының реежимдерін
автоматты өзгерту кезінде дайындаманың бір немесе бірнеше беттерінде
орындалатын, технологиялық операцияның аяқталған бөлігі.
Кәдімгі әрекет - білдектің жұмыс режимін өзгертусіз бір жұмыс
жүрісінде, өңделетін дайындама бетінің бір учаскесінде бір құралмен
орындалатын, технологиялық әрекеттің бөлігі.
Көмекші әрекет - бұйым қасиетін немесе беттік сапасын, формасын
өзгертусіз жүретін, бірақ жұмыс жүрісін дайындау үшін қажетті, құралдың
дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын, технологиялық
әрекеттің аяқталған бөлігі.
Жұмыс жүрісі - бұйым қасиетінің және беттік сапасының,
өлшемдерінің, формасының өзгеруімен жүретін, құралдың дайындамаға
қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын, технологиялық әрекеттің
аяқталған бөлігі.
Көмекші жүріс - бұйым қасиетін немесе беттік сапасын, формасын
өзгертусіз жүретін, бірақ жұмыс орнын дайындау үшін қажетті, құралдың
дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын, технологиялық
әрекеттің аяқталған бөлігі.
Қабылдау - әрекетті немесе оның бір тұтас тағайындалумен
біріктірілген бөліктерін орындау барысында қолданылатын, адам
әректтерінің аяқталған жиынтығы.
Шикізат – еңбектің өндірісі немесе
Шығарылуы туралы күш
Жұмсалған еңбектің мәні.
Жартылай фабрикат – өңделген
Шикізат, бірақ дайын өнім ретінде
Тұтынуға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет