Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.
Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және FTP жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған. Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде.
Жапония – дамыған мемлекет. Ол экономикалық потенциалы жағынан АҚШ-тан кейінгі 2 орында тұр. ЖІӨ 3,4 трлн долларды құрайды. Сонымен қатар Жапония кеме құрастырудан, автомобиль жасаудан, трактор, станок, компьютер, өндірістік робот, темір балқыту, электр аппатартарын шығаруда дүние жүзінде 1-ші орынға ие, ал электр энергиясын өндіруден, химиялық талшық өндіруден, мыс пен аллюминий қорытудан, мұнай өндіруден 2-ші орын алады.
Жапония экономикасы сыртқы саудаға тәуелді. Жапония мемлекеті мата, жүн, бокситтердің 100%-ын, 99,9%-ын, мұнайдың 99,8%-ын, мыс рудасының 99,7%-ын, таскөмірдің 81,8%-ын импортқа шығарады. АҚШ пен Ресейден кейінгі сауда-саттықтан 3 отында тұр. Экспорттың негізгі бөлігін машина мен құрылғылар (74,7%), металл өнімдері (7,8%), ал импортта - жағармай (20,4%), шикізат (8,5%) құрайды.
Сонымен қатар Жапония алтынды-валюталы қорлар жөнінен 1-ші орында. Елдің 6 банкісі дүниедегі ең ірі 10 банктер қатарыша кіреді. Оның шетелдік инвестицияларының көлемі 311 млрд доллар. Бұл көрсеткіш дүниежүзілік инвестициялардық 11,7%-ын құрайды.
Қазіргі кезеңдегі Жапонияның экономикалық даму бағыты:
- Жапония өзінің киын даму жолының арқасында дүниедегі күшті экономикалық державаға айналды;
- Қазіргі кезде Жапония экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мақсатында ғаламдану үрдісін қолданып отыр. Жапонияның ірі корпорацияларының секторы - 2, 4 мың акционерлiк серiктестiк. Акционерлiк серiктестiктердің жалпы саны - 800 мыңға жуық. Орташа және ұсақ кәсiпорындар дисперсиясысыз жұмыс iстейдi және жабулы акционерлiк серiктестiк және серiктестiктер сияқты жүргiзiледi.
Iрi корпорациялардың әрбiрi «кэйрэцу» деп аталатын топтардың ядросы болып табылады. Жапон кэйрэцуiнде байланыстыратын элемент болып меншiк қатынастар және шарттар болып табылады. Заң бойынша банктерге акциялардың 5% көп мөлшерде ұстауына тиым салынады. Сондықтан «кэйрэцу» қаржылай-өнеркәсiптiк топтармен банктердiң құзыры болып табылмайды.
«Кэйрэцу» арасында технологиялық негіздегі тік интеграциямен қоса конгломераттар да бар. Машина жасау корпорациялары 300-400 жуық компанияларды иеленіп отыр. Олар: «Мицубиси дзюкоге», «Комацу», электрические «Хитати», «Тосиба», «Сони», «Мацусита дэнки».
Кенбаева Құндызай СД209К