Ең аз күш кернеуінің ең көп күш кернеуі шамасына қатынасын асимметрия дәрежесі деп атайды және сол күш кернеуінен кейін таңба ретінде белгіленіп, сол күш кернеуі қандай циклде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, пульсирлік цикл үшін асимметрия дәрежесі:
, (2.10)
олай болса, пульсирлік күш түскенде төзімділік шектері және болып белгіленеді.
Симметриялық цикл. Мұнда күштердің шамасы да, бағыты да өзгереді. Күштер шамасы нөлден бастап белгілі бір шамаға дейін артады да, қайтадан нөлге дейін төмендеп, одан әрі бағытын өзгертеді. Күш кері бағытта да өзінің бастапқы белгілі шамасына дейін артып, қайтадан нөлге тең (2.1, r-сурет) болады. Былайша айтқанда, күш кернеуі симметриялық циклмен немесе синусоида графигі бойынша өзгереді