Машықтау жұмысы №2. Windows ОЖ стандартты қосымшалары. Тапсырма №1. Бағыттауыш программасындағы объектілермен және файл құрылымымен жұмыс. Жұмыс мақсаты: бағыттауыш программасындағы объектілермен және файл құрылымымен жұмыс істеуді үйрену.
Теоретикалық жағдайлар және жұмысқа нұсқаулар. Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын таңдаңыз (Пуск>Избранное>Мои документы). Терезені толық экранға ашатын батырманы басыңыз.
Мәзір жолын қолданып Файл > Создать >Папку командасын орындаңыз. Терезе аумағында «Жаңа бума» (Новая папка) таңбашасы болу керек.
Терезеде жаңа бума ашу үшін таңбашалардан бос жерде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған мәзірде Создать>Папку командасын таңдаңыз. Терезеде «Жаңа бума(2)» (Новая папка (2)) таңбашасы құрылады.
Ж аңа бума деген таңбашада тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған мәзірде Атын өзгерту (Переименовать) деген пункті таңдаңыз. Буманың атын өзгертіңіз, мысалы «Эксперимент». Екінші жаңа буманың атын «Менің экспериментім» деп өзгертіңіз.
Қалпына келтіретін батырманы шертіп, Менің құжаттарымдеген буманың терезесін қалпына келтіріңіз.