Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


Мақта дақылын қорғаудың биологиялық әдісі



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Мақта дақылын қорғаудың биологиялық әдісі

Қоза алқаптарында зиянкестердің саны өнімге нұқсан келтіретін деңгейге жетіп, олар жаппай тарала бастағанда, күрестің химиялық әдісі қолданылады.


Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте химиялық әдіспен және қозалық алқапты алдын-ала өңдеуде мақташылар мұнымен қатар неғұрлым арзан, қолы жетімді әрі экологиялық жағынан қаупсіз күрес әдісін де қолданып келеді. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл әдісі ерте бастан, олар жаппай тұрғанда қолданылады.
Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі дегеніміз – ауыл шаруашылығы зиянкестерінің еңсесін көтертпеу және олардың санын шаруашылықтың егістігіне елеулі зиян келтірмейтіндей мөлшерде азайту үшін тірі организмдерді пайдалану болып табылады.
Бұл әдістің мәнісі – ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен олардың паразиттерінің, жыртқыш жәндіктердің арасында қалыптасқан бітіспес қарама-қайшылығын мақсатты түрде пайдалану.
Күрестің биологиялық әдісі дегеніміз – пайдалы жәндіктерді қолдан өсіру арқылы көбейтіп, оларды табиғат аясына – мақта егістігіне жіберу.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістігіндегі ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте трихограмма және габрабракон құрттарын өсіру неғұрлым кеңінен тарап отыр.
Трихограмма кеміруші және жер үстінде тіршілік ететін көбелекқұрттарға қарсы қолданылады. Тұрқының ұзындығы 0,3-0,4 мм. 5-9 мұрт қылшасы жеке орналасқан, қанаттарының жіп-талшықтары жеңіл. Еркектері көбінесе қанатсыз немесе қанаты жетілмеген болып келеді. Трихограмма насекомның 200-ден астамтүрінің жұмыртқасын бүлдіреді. Мұндай паразиттікпен тек личинкалары айналысады. Ересектері гүл шырынымен және шықпен қоректенеді. Ұрғашылары жұмыртқаларын басқа жәндіктің жаңа қалдырған жұмыртқасының ішіне салады. Трихограмманың жұмыртқадан шыққан личинкасы бірден мақта көбелегінің, тағы басқа зиянкес жәндіктердің жұмыртқасымен қоректеніп, соның ішінде өсіп-жетіледі. Мақта көбелегінің зақымданған жұмыртқасы қарайып кетеді, кейде қаракөк түске енеді. Трихограмма басқа жәндік (мақта көбелегі) жұмыртқасының ішінде құуыршаққа айналады. Осы қуыршақтан шыққан ересек трихограммалар жұмыртқаны кеміріп теседі де, жарыққа шығады. Ұрғашы трихограммалар жыныстық жағынан жетіліп шығады да, бірден еркектерімен шағылысып, жұмыртқа салуға кіріседі.
Трихограмманың өсіп-жетілуінің ұзақтығы ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты 7 күннен 35 күнге дейін созылады. Ересектері 3-18 күн аралығында өмір сүреді. Осы уақыт ішінде бір ұрғашысы 25-тен 92-ге дейін жұмыртқа салады. Мұның көпшілігін өмірінің алғашқы күндерінде табады. Табиғи жағдайда трихограмма 14-15 күн ұрпақ береді. Личинка және қуыршақ кезінде басқа жәндіктің құмыртқасы ішінде қыстап шығады.
Мақта егістігіндегі кеміруші көбелектермен күресу үшін ересек трихограмма құртын әр гектар алқапқа 200 мыңнан келетіндей етіп үш рет көбейтіп шығару ұсынылады.
Трихограмманы өсіріп шығаруды зиянкес көбелектің жұмыртқа салушы алғашқы кезеңінде тұтас келтірілген, ал егістікке күн ыси қоймаған таңертеңгі немесе кешкі мезгілде жіберген дұрыс. Олар егістікке біркелкі тарауы үшін 1 гектарға кемінде 100 жерден, яғни әр 10 метрден кейін жіберіледі.
Трихограмманы биологиялық лабораторияларда, қамба зиянкесі – астық күйесінің жұмыртқасында көбейтеді.
Габрабракон мақта көбелегін азайтуда едәуір роль атқарады. Бұған қоса ол карадрина, жүгері көбелегі, құлқайыр күйесі, мақта сабағының күйесі, диірмен көбелегі сияқты зиянкес жәндіктерден қоректенеді.
Габрабраконның тұрқының ұзындығы 2-5 мм. Аяқтары түзу, қарны сабақты болып келеді. Ұрықтанған ұрғашы габраброкондар оралып қалған жапырақтарда, ағаш қабығының астында, т.с.с. қуыстарда қыстайды. Жұлдыз құрттың денесіне құмыртқасын саларда оны өлтіріп тастайды. Бір ұрпағының дамуы жазда 9-11 күнге, көктем мен күзде 12-16 күнге созылады.
Мақта егістігінде пайда келтіретін жәндіктерге бұларға қоса жарқырауық зердеқоңыздар, қанқызыл қоңыздар, кенеқоректі трипс т.б. жатады.
Қозаның өнімдік элементтерін сақтап қалу – мақташылардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, агротехникалық тұрғыдан күтіп-баптауы төмен қозаның салған өнімдік элементтері түрлі зиянкес жәндіктермен аурулардың зардабынан ысырапқа ұшырайды.
Осы бөлімде сөз болған агротехникалық, биологиялық, химиялық тәсілмен оларға қарсы жүргізілетін күрес шаралары мен олардың алдын ала сақтандыру әрекеттері шаруа қожалықтары үшін мақта шаруашылығы практикасындағы аса пайдалы көмек құралы бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет