Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы



бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)

Жапырақтар. Қозаның жапырағы пластинасынан, сабағынан және осы сабақтың түбіндегі екі жанама жапырақтан тұрады.
Жапырақ пластинасы өсімдіктің сортына байланысты тұтас немесе қалақшаларға бөлінген болып келеді.
Қозаның жапырақ пластинасының ауқымы өсімдіктің түрлеріне, сорттарына жіне өсіп-өну жағдайларына қарай әртүрлі болуы, атап айтқанда, 4 шаршы сантиметрден 40 шаршы сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Өнім беретін бұтақтардың жапырақтары өсу бұтақтарының жапырақтарына қарағанда неғұрлым ұсақ келеді және оның қалақшаларының саныда аз олады.
Қозаның барлық түрлерінің жапырақтарында азды-көпті дәрежеде ұсақ түктер болады. Жапырақ пластинасының үстіңгі беті жып-жылтыр, жалаңаш болып келеді.
Практкалық тұрғыдан алып қарағанда өте маңызды белгі деп қоза жапырағының неғұрлым көп болатындығын айту керек. Мұның өзі жапырақтың үстіңгі бетінің қосынды жиынтығымен өлшенеді.
Жапырақтың үстіңгі бетінің қосынды жиынтығы былайша сипатталады:
1) өсімдіктің күн қуатының ассимиляциялануы, минералдық қоректік заттардан органикалық қоректік заттаға айналып өңделуі және ылғалдың булануы қызметін атқаратын аппаратының жалпы көлемі;
2) бұтаның ішкі жақтарына, әсіресе өнім беретін органдары орналасқан жақтарына көлеңке түсу дәрежесі.
Жапырақтардың өнім беретін көсектерге көлеңкені көп түсіруі оның күзге қарай пісіп-жетілуі мен ашылуын баяулатады.
Вегетациялық өсіп жетілу мерзімінің аяғына қарай қоза жапырақтарының бір бөлігі түсіп қалады, мұның өзі оның әртүрлі сорттарында жапырақтардың түсу деңгейінің әртүрлі болуына әсерін тигізеді – кейбір сорттарда жапырақ көп түссе, екінші бір сорттарда баяу және аз түседі.
Вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің аяғына қарай қозаның өз жапырақтарын түсіруінің практика тұғысынан алғанда маңызы зор. Өйткені мұның өзі өнім беретін көсектердің ашылуын тездетеді.
Гүл. Қоза гүлінің негізінде оның бұтаққа жалғастырып бекітіп тұратын гүл сабағы болады.
Гүлдің ішкі жағында аталық ұсақ тозаңдары мол кішкентай бағана болады. Аталық тозаңдар өте қысқа жіңішке талшыққтары бар тозаңдар жинақталған тетіктен тұрады. Оларда ұрықтық тозаңдар ұрықтық дән сияқты дамып өседі.
Ұрықтық дәндер ұрықтық бүршіктерді ұрықтандырады, олардың түрі нашар тәріздес болады және осы тұқымдық дәндердің үстіңгі бетінде өсімдік аналығын тозаңдану процесі кезінде неғүрлым жақсы ұстап қалуға көмектесетін бүршіктер пайда болады.
Қоза гүліндегі өсімдік аналығы әдетте 3-4 немесе 5-ке дейін ұялық түйін салады. Түйіннің әр ұясында әдетте 8-10 ұрықтық бүршік болады. Олардан тозаңдандыру процесі аяқталғаннан кейін тұқымдық ұрық өсіп жетіледі. Сөйтіп тозаңдану процесі аяқталғаннан кейін әлгі түйін өсе келе өнім беретін көсекке айналады.
Нектаршықтар дегеніміз тәттілеу сұйық зат – нектар бөліп шығаратын өсімдік безі болып табылады. Ал, әлгі нектар жәндіктердің алуан түрін, соның ішінде бал араларын да қатты қызықтырады.
Қоза – балды жақсы беретін өсімдік. Суармалы жердегі қозаның әр гектарынан 300-350 килограмм нектар алуға болады.
Бал беретін өсімдік ретінде қоза омарта шаруашылығын дамытуға да пайдалы.
Оның үстіне, бал алумен қатар аралардың қоза гүлдерін тозаңдандыруды, әсіресе кесе-көлденең тәсілмен тозаңдандыруды күшейте түсетінін айту керек. Сайып келгенде, мұның өзі қозаның өнімділігін арттыруға, сондай-ақ оның тұқымдық ұрығының өмірлік қабілеті мен өнімділігін жақсартуға, яғни өсімдік буындарының өнімділігін арттыра түсуге игі ықпалын тигізеді.
Гүл өзі жарылып шыққанға дейін түйіршек бүршік (бутон)деп аталады. Ол бүршіктің оның пайда болуынан гул жаруына дейінгі аралықтағы даму ұзақтығы орта есеппен 25-30 күн болады.
Қоза әдетте маусымның аяқ кезі мен шілденің бас кезінде гүлдей бастайды да, вегетациялық өсіп-жетілу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни өсімдікті суық ұрғанға дейін жалғасады.
Қоза өсімдігіндегі түйіршек бүршіктердің пайда болуы негізгі сабақта өнім беретін бұтақтардың бірте-бірте бойлап өсуіне байланысты жалғасады. Сондықтан да түйіршек бүршіктердің қоза өсімдігінде гүл болып ашылуыда бірте-бірте, яғни түйіршек бүршіктердің пайда болуы ретіне қарай жүріп жатады.
Түйіршек бүршіктердің гүл болып жарылуы бұтақтан бұтаққа төменнен жоғары қарай белгілі бір кезекпен олардың алғашқы тораптары бойынша жалғасады және сонымен қатар бұтақтардың өн бойымен оның жоғарығы ұшына қарай тораптан торапқа көтеріліп, жан-жағына қарай өседі.
Гүлдердің ашылуы, алғашқы тораптар бойынша жоғары қарай бұтақтан бұтаққа көтеріле түсуі әдетте әрбір 2-3 күнде болып жатады. Ал, гүлдердің бұтақтың бойымен ашылуы әрбір 5-7 күн сайын жалғаса түседі.
Қозаның әр гүлі бір күн бойы ғана сақталады. Таңертең ашылған гүл кешке қарай сола бастайды, оның үстіне, гүлдің жоғары жағының түсі өзгереді, сұрғылт-сары түстен қызғылт түске, ал одан соң күлгін түске айналады.
Гүл ашылғаннан кейін көп ұзамай-ақ тозаң жинақталған тетік жарылады да шаң-тозаңдар толық ұша бастайды. Қоза – басым көпшілігінде өз-өзінен тозаңданатын өсімдік. Бірақ оның кесе-көлденең тозаңдануы да, ұрықтануда әбден мүмкін.
Қозаның табиғи жолмен кесе-көлденең ұрықтануы әдетте көп болмайды, 15 пайызға дейінгі аралықтан аспайды.
Қозаның әр сортының өз ішінде кесе-көлденең ұрықтануы – мейлінше қажетті және пайдалы нәрсе. Бір сорттағы өсімдіктің біреуінен ауысқан тозаң аналықтың ауызына түсіп, ұрықтық бүршік түйінін барынша жақсы жетілдіреді. Сондықтан да улюктердің саны кемиді де көсектегі шитті мақтаның салмағы арта түседі, өнімнің талшығы мен шиттің сапасы артады, түйіндердің түсіп қалуы кемиді. Міне, мұның бәрі де шитті мақтаның өнімі мен сапасын арттыра түседі. Бір сортты өсімдіктің өз шитінен өз ішінде кесе-көлденең ұрықтануы қозаның келесі буындарының жақсы өніп өсуге бейімділігі мен өнімділігін арттыра береді.
Алайда, қозаның өз-өзінен тозаңдана беруі өсімдіктің өсіп-өні қабілетін және оның өнімділігін бірте-бірте төмендете түседі.
Бұл ретте оиарта шаруашылығын дамытудың тигізетін игі ықпалы зор болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет