Матем сауат kx2cq егер болса, неге тең



бет2/2
Дата10.10.2019
өлшемі138,7 Kb.
#49610
1   2
Байланысты:
Матем сауат kx2cQ

Жағдаяттық тапсырма

Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

A)Көл толқындарының бұйралығына байланыстыB)Көк толқындардың жылдамдығына  байланысты

C)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланыстыE)Көлдің әдемілігіне байланысты

2. Екінші абзацта не туралы айтылған?

A)Қамысты құрақтағы құстар туралыB)Көлдегі балықтар туралыC)Көлдің көлемі туралыD)Көл атауы туралыE)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

3. Қазақстан мемлекеті және қоғам қайраткері, есімі түркі дүниесіне ғана емес, күллі әлемге мәшһүр ақын, ана тіліміздің жанашыры Мұхтар Шахановтың 2008 жылы республикалық газеттердің біріне берген сұхбаты



1.Н.Өнерханұлы: ...Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов екеуіңіздің араларыңыздағы достықты біздің жастарымыз шынайы достықтың үлгісі ретінде қабылдайды. Осы достық қарым-қатынастарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

М.Шаханов: Ш.Айтматов – күллі әлем мойындаған ұлы жазушы. Шығармалары әлемнің 177 тіліне аударылған. Біз ағалы-інілі адамдардай өте жақын болдық. Ол кісіден айырылу әкем мен анамның қазасынан да ауыр тиді. Екеуміз бірлесіп екі дүние жаздық: біріншісі –  ­­­­­­ «Құз басындағы аңшының зары» деген эссе кітап, екіншісі — «Сократты ескеру түні» атты драма. Ш.Айтматовтың енді ешкімге ұқсамайтын екінші ғұмыры басталды. Екеуміз де рух жақындығын, парасат жақындығын ерекше сезінген едік.

2.Н.Өнерханұлы: Қазіргі таңдағы өзіңіз қатарлас ақын-жазушылырдың, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің көбісі мемлекеттік сыйлық, марапат алу үшін жанталасып жатады. Ал сіз, керісінше, мемлекеттік сыйлықтан, Халық қаһармандығынан өз еркіңізбен бас тарттыңыз. Бұлай жасауыңызға не себеп болды?

М.Шаханов: Менің өз ұстанымым бар. Адам Отанына, өз анасына жасаған қызметі үшін жылу дәметпеуге тиіс. Отан да өзінің дараланған ұлдарын марапаттап отыруы керек. Бірақ, ол өте әділетті болуы шарт. Бұл күндері бізде кейбір марапатқа ие адамдар ескерусіз жүр, ал қоғамға ешқандай жетістігі жоқ кейбір «пысықтардың» бірнеше орден-медальдары бар деп ойлаймын. Міне, мен солардың қатарында жүргім келмейді. Ал шетелдердің 20-дан астам сыйлықтарын алдым. Көптеген елдердің құрметті докторымын, профессорымын. Аталмыш сыйлықтарды алу себебім, олар біздің елімізге абырой қосады.

 

Жағдаяттық тапсырма

Мұхтар Шаханов несімен ерекше?

A)адал достығыменB)данышпандығыменC)ерекше ақылдылығыменD)асқан дарындылығыменE)өзіне беріктігімен

4. Қандай тұжырым мәтіннің кейіпкеріне сәйкес?

1.                Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

2.                Ойы таза адамның жаны таза.

3.                Епті адам екі рет асар.

A)ЕкіншісіB)БіріншісіC)Бірінші мен екіншісіD)Екінші мен үшіншісіE)Үшіншісі

5. М.Шахановтың Шыңғыс Айтматовты ерекше құрметтегенін қандай сөздері арқылы көруге болады?

A)Айтматов екеуі туған бауырлардай болып кеткеніненB)Айтматовпен бірге бірнеше шығарма жазғанынанC)Шыңғыстан айрылу ең жақын адамдардың қазасынан да ауыр тигеніненD)Айтматовты жазушы ретінде өзінен жоғары бағалағанынанE)Айтматов екеуінің жаны мен рухының жақындығын сезінгенінен

6. Журналист Мұхтар Шахановтың қандай әрекетіне таң қалды?

A)Айтматовпен бірге эссе, драма жазғанынаB)Әлемге танымал ақын аталғанынаC)Шет елдердің марапаттарына ие болғанынаD)Мемлекеттік сыйлықтан бас тартқанынаE)Ана тілінің жанашыры екеніне

7. Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?

A)СипаттауB)ӘңгімелеуC)БаяндауD)ПайымдауE)Суреттеу

8. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

A)Сабырлыққа B)ТурашылдыққаC)СенімділіккеD)БолжампаздыққаE)Шынайылыққа

9.

10.


11.

12.


13. Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір- бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

2.Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» –Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы елдерге таралған.

3.Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді. Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.

4.Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері зор

5.Жібек жолындағы тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене-ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан. Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп – суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты қылуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады.

Жағдаяттық тапсырма

Ұлы Жібек жолының негізгі жетістігі қандай?

 

A)

Көптеген елдерде сауда жолдары мен базар, жәрмеңкелер пайда болды.



B)

Елдер дамып, сауда ғана емес, ғылым мен мәдениет өркендеді.

C)

Мұсылман қауымы үшін қасиетті Түркістан қаласы пайда болды.



D)

Барлық адамдар сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік алды.

E)

Бағалы маталар мен асыл тастар, аң терілері тасымалданды.



14.

15.


16.

17.


18.

19.


20.

Тарих


1, Қола дәуіріне жататын Батыс Қазақстандағы тұрақ:

A)ПетровкаB)Мало-КраснояркаC)СтепнякD)АлексеевE)Шағалалы

2, Сарматтар мекендеген аймақ:

A)Сырдың орта ағысыB)Батыс ҚазақстанC)Оңтүстік ҚазақстанD)Шығыс ҚазақстанE)Ертіс бойы

3, Түргеш қағанатының Іле бойындағы Кіші ордасы:

A)БаласағұнB)МыңбұлақC)ИспиджабD)КүңгітE)Сығанақ

4, Дамыған орта ғасырларға жататын монша табылған ортағасырлық қалалар:

A)Басқамыр, АяққамырB)Отырар, ТаразC)Жент, БаршынкентD)Алмалық, Талғар

E)Құлан, Мерке

5, Дамыған орта ғасырларға жататын монша табылған ортағасырлық қалалар:

A)Басқамыр, АяққамырB)Отырар, ТаразC)Жент, БаршынкентD)Алмалық, ТалғарE)Құлан, Мерке

6. Тәуекел хан Мауараннахрға соңғы жорық жасаған жыл:

A)1590 ж.B)1599 ж.C)1588 ж.D)1598 ж.E)1596 ж.

7. XVIII ғасырдың 40-50 жылдары патша үкіметінің солтүстік-шығыс Қазақстан жерінде орнатқан бекініс шебі:

A)Жайық шебіB)Омбы шебіC)Ертіс шебіD)Алтай шебіE)Сібір шебі

8. 1867-1868 жылдары  әскери губернатор бекіткен Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны:

A)Билер мен қазылар сотыB)Шекаралық сотC)Қылмыстық сотD)Ақсақалдар мен таршындар сотыE)Округтік сот

9. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» жырын арнаған қазақ ақыны:

A)Б.МомышұлыB)М.ҒабдуллинC)А.ҚұнанбаевD)Ж.ЖабаевE)Б.Бұлқышев

10. 1841 жылы мектеп ашқан Ішкі Орда ханы:

A)Нұралы ханB)Әбілқайыр ханC)ҚасымханD)Айшуақ ханE)Жәңгір хан

11. Еңбекшілерге өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылған жыл:

A)1951 ж.B)1950 ж.C)1947 ж.D)1948 ж.E)1949 ж.

12. Қазақстанда Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен жыл:

A)2011 ж.B)2002 ж.C)2003 ж.D)2006 ж.E)2010 ж.

13. Ғұндар туралы дерек қалдырған Византия елшісі:

A)ГеродотB)СтрабонC)ДиодорD)ПриискE)Ксеркс

14. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген мерзімі:

A)VІІ ғасырB)VІІІ-Х ғғ.C)V-VIIІ ғғ.D)ХІ -ХIІ ғғ.E)ІV ғасыр

15. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған уақыт:

A)X ғ.B)IX ғ.C)XIII ғ.D)XII ғ.E)XIV ғ.

16. Қазақ хандығында бірнеше ұлысты құрған басқару құрылымы:

A)АрысB)РуC)АуылD)ЖүзE)Аймақ

17. XIX ғ. 70 - 80 ж.ж. кедейленген қазақ шаруалары мәжбүр болған жағдай:

A)шетелге кетугеB)бау-бақша кәсібіне көшугеC)тау - кен орындарына, қалаға, кәсіпорындарға жұмысқа баруғаD)мал шаруашылығымен айналысуғаE)Ресейдің ауылдарына жұмысқа баруға

18. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген Бекмахановтың монографиялық еңбегіндегі көтеріліс басшысы:

A)С.ДатұлыB)А.ИмановC)Б.ӘшекеевD)К.ҚасымұлыE)Ж.Нұрмұхамедұлы

19. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді:A)«Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы» ЗаңыB)«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» ЗаңыC)Қазақстан Республикасының КонституциясыD)«Қазақстан Республикасының зейнетақы» Заңы

E)«Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы» Заңы

20. Тарихи очеркте берілген үзіндіде қандай оқиғалар туралы айтылады:



«....Қалмақтар Жайық өзеніне таяп қалғанда Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы ханға, қалмақтар сендерді, қазақтарды шапқалы келе жатыр деп хабар берді. Сондықтан да ол үкіметтің атынан қалмақтарға қарсы соққы беруді ұсынды»

A)Бұланты шайқасы қарсаңындағы оқиғаB)1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасындағы шайқасC)Қалмақтардың Қытай шебіне көшіп кету әрекетіD)1643 жылы Батыр қонтайшының қазақ жеріне басып кіруіE)1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет